«Ертіс дарыны» өнірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы   2023 жылғы 18 мамыр күні «Жас кемеңгер» облыстық сырттай оқу мектебінің   8 пән бойынша (математика, физика, химия, география, биология, жаратылыстану, қазақ тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі)   олимпиадасын өткізді.

Олимпиаданың мақсаты: ауылдық жалпы білім беру мектеп оқушыларының арасынан ғылым негіздеріне ерекше бейімділігі бар дарынды балаларды айқындау; Оқушылардың республикалық, облыстық олимпиадаларына қатысу нәтижелілігін арттыру; күрделілік деңгейі жоғары тапсырмаларды өздігінен орындау арқылы ауыл оқушыларының коммуникативтік біліктерін дамыту; оқушыларды мектеп пәндерін қызығушылықпен тереңдетіп оқуға ынталандыру.

Оқыту 2 турда өтті, әр тур 2 кезенге бөлінді. Әр кезеннің қорытындысы бойынша Zооm конференциялары  жүргізілді. Олимпиадаға «Жас кемеңгер» мектебінің екі тур тапсырмаларын сәтті орындаған Павлодар облысының ауыл  мектептерінің  5-7 сынып оқушылары арасынан 318 оқушы қатысты.

Олимпиада қорытындысы бойынша 128 қатысушы жеңімпаз бен жүлдегер атанды, оның ішінде І-ші орында – 15, ІІ-ші орында – 42, ІІІ-ші орында – 71 оқушы.

Жүлдегерлер

 

Similar Posts