Павлодар облысы  Баянауыл кентінде 2023 жылғы 3 маусым күні

 Қ. Сәтбаев атындағы ХІ аймақтық олимпиадасының салтанатты ашылуы өтті.

         Олимпиадаға Қазақстанның Астана және Алматы қалаларынан, 10 аймақ , сонымен қатар Павлодар зияткерлік мектебінен  138 қатысады. Олимпиада екі күн бойы 2 турда өткізіледі:

 І тур – 3 бағыттың бірін таңдау бойынша жеке жазбаша түрде:

– математикалық (математика, физика, химия пәндерінен кіріктірілген тапсырмалар);

– жаратылыстану-ғылыми (химия, биология, география пәндерінен кіріктірілген тапсырмалар);

– бағдарламалау (тілдердің бірінде есептерді шешу: Pascal, С++, Python).

ІІ тур – жазбаша және ауызша түрде (теория және практика) 6 пәннің бірі таңдау бойынша,  математика, физика, химия, биология, география – ауызша,  информатика – жазбаша. 2-турдың практикалық тапсырмаларының шешімдері қазылар алқасының мүшелеріне ауызша тапсырылады. Әр тапсырма бойынша қатысушы екі тәсілден артық жасай алмайды.

Олимпиаданың қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер І, ІІ, ІІІ дәрежелі «Дарын» РҒПО дипломдарымен марапатталады.

Similar Posts