Павлодар облысы Баянауыл кентінде 2023 жылғы 3-6 маусым аралығында жас зияткерлер химия, биология, физика, математика, география және информатика пәндері бойынша сайысқа түсті.

Олимпиада көрнекті ғалым, Қазақстан ғылым негізін қалаушы, еліміздің ғылым Академиясының тұңғыш Президенті Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтің құрметіне арналған.

Іс-шараға Астана, Алматы қалаларынан, 10 облыстан және Назарбаев Зияткерлік мектебінен 137 оқушы қатысты. Биылғы жылы олимпиадаға алғашқы рет Жетісу, Ұлытау облыстарының оқушылары қатысты.

Олимпиада қорытындысы бойынша І орынды – 12, ІІ – 14, ІІІ – 38, Кұрмет грамота – 10 оқушы иеленді.

Биология пәні бойынша І дәрежелі дипломмен – Павлодар қ.  Назарбаев Зияткерлік мектебінің 7-сынып оқушысы Акаев Алдияр; ІІ дәрежелі дипломмен – Павлодар қ. Назарбаев Зияткерлік мектебінің 8-сынып оқушысы Нукенова Малика, Павлодар қ. дарынды балаларға арналған №3 гимназиясының 8-сынып оқушысы Титков Дмитрий; ІІІ дәрежелі дипломмен – Павлодар қ. дарынды балаларға арналған №3 гимназиясының 8-сынып оқушысы Мастобаев Никита; Жетісу облысы Талдықорған қ. Абай ат. №1 орта мектеп-гимназиясының 7-сынып оқушысы Христич Екатерина, Павлодар облысы Қ. Сәтбаев атындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған гимназиясының 7-сынып оқушысы Атақан Дінмұхамед; Жамбыл облысы дарынды ер балаларға арналған «Білім-Инновация» лицей-интернатының 8-сынып оқушысы Жапарқұл Азамат; Алматы қ. №23 мектеп-гимназиясының 8-сынып оқушысы Лобас Данеля марапатталды. Құрмет грамоталары – Павлодар қ. дарынды балаларға арналған Абай ат. гимназиясының 8-сынып оқушысы Әбек Балаусаға; Түркістан облысы М. Қалмырза ат. №3 мамандандырылған «Дарын» мектеп-интернатының 8-сынып оқушысы Абдухалик Айдосқа; Ақтөбе облысы «Білім-Инновация» лицей-интернатының 8-сынып оқушысы Абильтаев Санжарға; Алматы облысы «Білім-Инновация» лицей-интернатының 8-сынып оқушысы Абдығали Нұрасылға табысталды.

География пәні бойынша І дәрежелі дипломға – Павлодар қ. Назарбаев Зияткерлік мектебінің 8-сынып оқушысы Мүрсәлім Шынғыс; Алматы облысы «Білім-Инновация» лицей-интернатының 8-сынып оқушысы Серікбай Айдос; ІІ дәрежелі дипломға – Павлодар қ. Назарбаев Зияткерлік мектебінің 8-сынып оқушысы Еркебулан Аружан; ІІІ дәрежелі дипломға -Павлодар облысы Ы. Алтынсарин ат. дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатының 8-сынып оқушысы Кунанбаев Куаныш; Павлодар облысы Қ. Сәтбаев ат. дарынды балаларға арналған мамандандырылған гимназиясының 8-сынып оқушысы Асылхан Альтаир; Павлодар қ. «Жас Дарын» мамандандырылған мектеп-лицейінің 8-сынып оқушысы Бастемиев Ансар; Астана қ. №82 «Дарын» мамандандырылған лицейінің 8-сынып оқушысы Оспан Жанеля; Алматы қ. «Tamos Education» физика-математика мектебінің 8-сынып оқушысы Романов Алан, Түркістан облысы Арыс қ. Абай ат. «Білім-Инновация» ер-балалар лицей-интернатының 8-сынып оқушысы Үсен Дінислам; Құрмет грамотасына – Жамбыл облысы дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Дарын» лицей-интернатының 8-сынып оқушысы Акрамходжаев Альхорест; Жетісу облысы Талдықорған қ. «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» мамандандырылған лицей-интернатының 7-сынып оқушысы Алиев Амирали; Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы «I.Altynsarin School – Lyceum» қазақ ұлттық мектеп-лицейінің 8-сынып оқушысы Танатаров Жасұлан ие болды.

Информатика пәні бойынша І дәрежелі дипломды – Павлодар қ. дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінің 7-сынып оқушысы Григораш Анастасия; Алматы облысы «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернатынының 8-сынып оқушысы Курманов Алимхан; ІІ дәрежелі дипломды – Павлодар қ. дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінің 7-сынып оқушысы Чашкина Илана; ІІІ дәрежелі дипломды – Павлодар қ. Назарбаев Зияткерлік мектебінің 8-сынып оқушысы Мангиликов Ансар; Ақтөбе облысы дарынды жасөспірімдерге арналған мамандандырылған «Білім-Инновация» лицей-интернатының 8-сынып оқушысы Абдулин Елхан; Шығыс Қазақстан облысы дарынды балаларға арналған мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейінің 8-сынып оқушысы Әбдікәрімов Райымбек; Маңғыстау облысы Ақтау қ. «Білім-Инновация» лицей-интернатының 8-сынып оқушысы Рауанұлы Темірхан; Ақмола облысы «Білім-Инновация» лицей-интернатының 7-сынып оқушысы Мұғжан Дінмұхаммед иеленді.

Математика пәні бойынша І дәрежелі дипломмен – Павлодар қ. дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінің 8-сынып оқушылары Захарченко Юлиана, Катунина Юлия, Шубладзе Юрий; ІІ дәрежелі дипломмен – Павлодар қ. дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінің 7-8 сынып оқушылары Березина Софья, Сәбит Ансар; Алматы облысы «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернатынының 8-сынып оқушысы Базарбек Әбілмансұр; ІІІ дәрежелі дипломмен – Шығыс Қазақстан облысы дарынды балаларға арналған мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейінің 8-сынып оқушысы Серіков Алдияр; Алматы қ.  «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» мамандандырылған лицей-интернатының 7-сынып оқушысы Мағауя Ерасыл; Жетісу облысы Талдықорған қ. «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» мамандандырылған лицей-интернатының 8-сынып оқушысы Базархан Ескендір; Ақтөбе облысы дарынды жасөспірімдерге арналған мамандандырылған «Білім-Инновация» лицей-интернатының 8-сынып оқушысы Амангельдин Иса; Павлодар қ. Назарбаев Зияткерлік мектебінің 8-сынып оқушылары Талғат Амир, Сыздыков Рамазан; Маңғыстау облысы Ақтау қ. «Білім – Инновация» лицей-интернатының 8-сынып оқушысы Марат Ғазиз; Павлодар қ. «Жас Дарын» мамандандырылған мектеп-лицейінің 6-сынып оқушысы Ғаллам Әлішер марапатталды.

Физика пәні бойынша І дәрежелі дипломға – Павлодар қ. дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінің 8-сынып оқушылары Рудик Иван, Мирошников Глеб, Мальцев Григорий; ІІ дәрежелі дипломға – Павлодар қ. Назарбаев Зияткерлік мектебінің 8-сынып оқушылары Кәрімберген Айдархан, Тулегенов Абдуррахим; Ақтөбе облысы М. Құсайынов ат. дарынды балаларға арналған мамандандырылған лицей-интернатының 8-сынып оқушысы Жиенбаев Әділ; Павлодар қ. «Жас Дарын» мамандандырылған мектеп-лицейінің 7-сынып оқушысы Амангелді Мерей; ІІІ дәрежелі дипломға – Ақтөбе облысы дарынды жасөспірімдерге арналған мамандандырылған «Білім-Инновация» лицей-интернатының 8-сынып оқушысы Аманов Икрам; Жамбыл облысы мамандандырылған дарынды балаларға арналған лицейінің 8-сынып оқушысы Кумеков Арыстан; Астана қ. №9 «Зерде» мамандандырылған мектебінің 8-сынып оқушысы Смагулов Абылай; Манғыстау облысы Ақтау қ. «Білім-Инновация» лицей-интернатының 8-сынып оқушысы Мұратов Мирас; Алматы қ. №165 мамандандырылған лицейінің 7-сынып оқушысы Жоламан Абылайхан; Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қ. дарынды балаларға арналған мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейінің 8-сынып оқушысы Логейко Михаил ие болды.

 Химия пәні бойынша І дәрежелі дипломды – Павлодар қ. дарынды балаларға арналған №8 лицей мектебінің 8-сынып оқушысы Бектұрсын Дәрия; ІІ дәрежелі дипломды – Павлодар облысы көп салалы дарынды балаларға арналған лицей-интернатының 8-сынып оқушысы Осипов Владислав, Павлодар қ. дарынды балаларға арналған №8 лицей мектебінің 8-сынып оқушысы Сулейменова Айлин, Павлодар қ. Назарбаев Зияткерлік мектебінің 8-сынып оқушысы Сарсенбаев Рамиль; ІІІ дәрежелі дипломды – Павлодар қ. дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінің 7-сынып оқушылары Кравчук Игорь, Лим Василий; Павлодар қ. дарынды балаларға арналған №3 гимназиясының 8-сынып оқушылары Кабир Дания, Мукашева Томирис; Маңғыстау облысы Ақтау қ. «Білім-Инновация» лицей-интернатының 8-сынып оқушысы Мұса Сағынай; Жамбыл облысы дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Дарын» лицей-интернатының 7-сынып оқушысы Ендыбай Алмаз; Шығыс Қазақстан облысы «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейінің 7-сынып оқушысы Қайырғазин Құрмет; Павлодар қ. Назарбаев Зияткерлік мектебінің 8-сынып оқушылары Сегизбаева Зарина; Құрмет грамотасын – Алматы облысы Қонаев қ.  А. Жұбанов ат. №5 орта мектебінің 8-сынып оқушысы Ионичев Илья; Ақмола облысы «Білім-Инновация» лицей-интернатының 8-сынып оқушысы Кайдаров Адильжан; Алматы қ. №165 мамандандырылған лицейінің 8-сынып оқушысы Бралинова Адия иеленді.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге бағалы сыйлықтар табысталды.

Similar Posts