Тарихи кезеңдер
2000 жыл
27 желтоқсан – «Ертіс дарыны» аймақтық ғылыми-тәжірибелік орталығының ашылуы
2001 жыл
Облыстық сырттай олимпиадалық резерв мектебінің ашылуы
«ЕД Хабаршысы» журналының бірінші номерінің шығуы
2002 жыл
«Жоғары Зият Академиясы» атты қосымша білім беру мектебінің ашылуы
Қалалық және аудандық білім беру бөлімдерінде дарынды балалармен жұмыс жөнінде үйлестірушілер лауазымын енгізу
2003 жыл
Павлодар облысы дарынды балаларының бірінші слеті
Дарынды балалармен жұмыс жасау мәселелері бойынша республикалық ғылыми – тәжірибелік конференция
2004 жыл
Бірінші облыстық зияткерлік марафон
Ауылдық оқушыларын зияткерлік сайыстарға дайындау мақсатында «Ғалым» кеңес орталығының ашылуы
2005 жыл
І аймақтық математикалық шайқас
Дүниежүзілік ғылыми – техникалық көрмесінің талаптарына сай облыстық ғылыми жобалар сайысын өткізу
2006 жыл
Облыстық «Жалын» олимпиадалық резерв мектебінің ашылуы
I математикалық регата
2007 жыл
«Жас ақын» мектебінің ашылуы
Ежелгі түрік жазбаларының ашылуына орай І лингвистикалық олимпиада
2008 жыл
І көптілділік олимпиадасы
«Болашаққа кемел біліммен» атты І облыстық зияткерлік форум
Мамандандырылған мектеп директорлары Ассоциациясының құрылуы
2009 жыл
«Мәшһұр Жүсіп: өмірдің философиялық мәні» атты І аймақтық зияткерлік форум
«Мен – Қазақстанның патриотымын» атты І облыстық форум
«Дарынды балаларға көптілділік білім беру: әдіснама және тәжірибе» тақырыбында республикалық семинар
Ғылыми – әдістемелік кеңесінің құрылуы
2010 жыл
«Математикалық білім берудің дамуы мен болашағы» атты халықаралық ғылыми – тәжірибелік конференциясы
«Бала дарындылығының психологиялық сүйемелдеуі» атты халықаралық ғылыми – тәжірибелік конференциясы
«Бала дарындылығының дамуы – мемлекеттің болашақ зияткерлік элитасының қалыптасу шарты» атты халықаралық ғылыми – тәжірибелік конференциясы
Павлодар облысы негізінде Қазақстандағы дарынды балалармен жұмыс жүйесіне арналған «Одаренный ребенок» (Москва қ., Ресей) журналының арнайы басылымы
2011 жыл
«Ертіс өңірінің дарынды балалары» атты аймақтық ғылыми–тәжірибелік конференциясы
Қаныш Сәтбаев атындағы жаратылыстану-математикалық бағыты бойынша аймақтық олимпиадасы
2012 жыл
«Оқушылардың зияткерлік сайыстарын өткізудегі біріктіру амалдары» атты республикалық симпозиум
Қаныш Сәтбаев атындағы І Халықаралық олимпиадасы
7-8 сынып оқушыларына арналған І облыстық жасөспірімдер олимпиадасы
Мектепке дейінгі жастағы балаларға арналған І «Жауқазын» облыстық олимпиадасы
2013 жыл
5-6 сынып оқушыларына арналған І облыстық кешенді олимпиадасы
2014 жыл
Бастауыш сынып оқушыларына арналған І облыстық математикалық турнир
7-8 сынып оқушыларына арналған І аймақтық жас математиктер турнир
2015 жыл
10-11 сынып оқушыларына арналған Әбікен Бектұров атындағы І Халықаралық химиялық олимпиадасы
«Ертіс дарыны» орталығының 15 жылдығына орай «Одаренный ребенок» (Москва қ., Ресей) журналының арнайы басылымы
3 шілде – «Ертіс дарыны» аймақтық ғылыми- тәжірибелік орталығының атын өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығына өзгерту.
2016 жыл
Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылында павлодарлық оқушылар айтулы халықаралық олимпиадаларда 20 медаль жеңіп алды, соның ішінде 7 алтын, 6 күміс және 7 қола
Қосымша білім беру мектептерінің ашылуы: «Талапкер», «Шығармашылық шеберлер мектебі», «Жас ғалым»
2017 жыл
13-18 наурыз — жаратылыстану-математика бағытындағы пәндер бойынша оқушылардың республикалық олимпиадасы
29 желтоқсан — «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Павлодар облысы әкімдігі, Павлодар облысы білім беру басқармасының «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне қайта кұруы.
2018 жыл
23-25 қаңтар — «Дарын» РҒПО оқу-әдістемелік кеңесінің кеңейтілген отырысы
«Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында тарих және өлкетану бойынша Е.Бекмаханов атындағы облыстық турнир әзірленіп, өткізілді.
2019 жыл
Елбасының «Ұлы даланың 7 қыры» мақаласын жүзеге асыруда ұлы есімдердің істерін келешек ұрпаққа үлгі тұту, ұлы баба Машһүр-Жүсіп Көпейұлы мұраларын кеңінен насихаттау мақсатында 2019 жылғы 15-16 мамыр аралығында алғаш рет Павлодар қаласында І республикалық «Мәшһүр-Жүсіп оқулары» конкурсы өткізілді.
2020 жыл
Ауылдық мектептер 5-7 сынып оқушыларына арналған «Жас кемеңгер» облыстық сырттай оқу мектебіашылуы.
8-11 сынып оқушыларына арналған І облыстық гуманитарлық олимпиадасы.
14 желтоқсан күні Павлодар облысы әкімдігінде «El Úmiti» жобасының 10 белсенді қатысушысына құрмет көрсету ұйымдастырылды.
2021 жыл
20-25 қаңтардың аралығында облыстық «Ертіс» телеарнасымен бірлесіп 9-11 сынып оқушылары арасында «Жас экорепортер» І облыстық экологиялық конкурсын қашықтық форматта өткізілді.