Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім комитеті «Мың бала» олимпиадасының I кезеңі кестеге сәйкес 2022 жылдың 5 сәуір күні Нұр-Сұлтан қаласы уақыты бойынша сағат 09:00-ден 21:00-ге дейін өткізілетінін хабарлайды.

І-кезең екі бөлімнен тұрады: логикалық ойлау – 20 сұрақ және кеңістіктік ойлау  – 20 сұрақ. Тестті орындауға жалпы 90 минут қарастырылған.

Оқушылар мектептің компьютерлік сыныптарында немесе Интернет желісіне қосылған үй жағдайында (ноутбук, планшет, смартфон) тест тапсыруға мүмкіндігі бар.

2022 жылы «Мың бала» Ұлттық зияткерлік олимпиадасында тестілеудің 1-кезеңін ұйымдастыру бойынша жадынама

Similar Posts