Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім комитеті «Мың бала» олимпиадасының I кезеңі кестеге сәйкес 2022 жылдың 5 сәуір күні Нұр-Сұлтан қаласы уақыты бойынша сағат 09:00-ден 21:00-ге дейін өткізілетінін хабарлайды.
І-кезең екі бөлімнен тұрады: логикалық ойлау – 20 сұрақ және кеңістіктік ойлау – 20 сұрақ. Тестті орындауға жалпы 90 минут қарастырылған.
Оқушылар мектептің компьютерлік сыныптарында немесе Интернет желісіне қосылған үй жағдайында (ноутбук, планшет, смартфон) тест тапсыруға мүмкіндігі бар.