Солтүстік Қазақстан облысының білім басқармасы 2022 жылғы 24-25 маусымда қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, «Алаш» қозғалысының қайраткері, ақын Мағжан Жұмабайұлына арналған «Мағжан оқулары» республикалық ғылыми-шығармашылық байқауын өткізді.

Шара барысында ақын еліне – М. Жұмабаев ауданы Сарытомар ауылына, мұражайына саяхат, ескерткішіне гүл шоқтарын қою, мәдени-танымдық кеш, концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.

Байқау үш бағыт бойынша өтті: «Өлең – менің Шолпаным, Айым, Күнім» – Мағжан шығармаларын мәнерлеп жатқа оқу; «Жасынан оқу оқып, өнер қуған…» – ақын шығармашылығы бойынша зерттеу жұмысын жасау; «Ақын да бір бала ғой айға ұмтылған» – жас ақындар сайысы.

Павлодар облысынан республикалық додаға өңірлік байқаудың «Бас жүлде» иегерлері қатысты: Аққулы ауданы С. Сатыбалдин ат. орта мектебінің 7-сынып оқушысы Иманкулова Анель; дарынды ер балаларға арналған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернатының 10-сынып оқушысы Шапағат Мадияр; Ы. Алтынсарин ат. дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатының 7-сынып оқушысы Иманғазы Қадырхан.

Республикалық байқау қорытындысында жас ақынымыз Иманғазы Қадірхан ІІІ дәрежелі дипломға ие болды.

«Ертіс дарыны» ӨҚББОӘО

 

Similar Posts