Жалпы орта білім беретін оқу орындарының 9-11 сынып оқушылары арасында 2022 жылғы 24-29 наурызда  Ы.Алтынсарин атындағы облыстық қазақ гимназия-интернаты және Павлодар қаласы № 35 жалпы білім беру мектебінде 16 пән бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі  өткізілді. Өткізу форматы: электронды, прокторингті («1 компьютер – 1 оқушы – 1 камера»)  қолданумен Oqylyq платформасында және транслациясы бар аудиторияның жалпы көрініс камерасы. Облыстық  пән олимпиадасына  3 (Павлодар, Екібастұз, Ақсу) қаладан, 10 ауданнан және 14 облыстық  мамандандырылған білім беру мектептерінен барлығы 27  команданың 644 оқушысы қатысты. Олимпиада қорытындысы бойынша сапасы жағынан жоғары көрсеткішке ие болған командалар жаратылыстану-математикалық және гуманитарлық бағыт бойынша  «Ең үздік олимпиадалық команда-2022» номинациясы бойынша сертификаттарға ие болды:

Жаратылыстану-математикалық бағыты бойынша: І орын  дарынды балаларға арналған № 8 лицей-мектебі; ІІ орын  «Жас дарын» мамандандырылған мектебі; ІІІ орын  дарынды ер балаларға арналған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернаты.

Гуманитарлық бағыты бойынша: І орын дарынды балаларға арналған  №3 гимназиясы; ІІ орын   «Жас дарын» мамандандырылған мектебі; ІІІ орын Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернаты.

 «Ең үздік команда-2022» номинациясымен Павлодар қаласының құрама командасы және аудан бойынша Павлодар ауданы марапатталды.

Оқушылардың жалпы білім беретін пәндер бойынша облыстық олимпиадасында  297 оқушы І, ІІ және ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды, оның ішінде І орын — 59, ІІ орын — 84, ІІІ орын – 154. Павлодар мемлекеттік педагогикалық  университеті   жалпы  орта білім беру пәндері бойынша облыстық олимпиадасына  10  грант тағайындайды.

Қорытынды протокол

Фотографиялар

 

Similar Posts