«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру орталығының жұмыс жоспарына сәйкес 2023 жылғы 9 ақпанда «Ертіс дарыны» ӨҚББОӘО базасында Жамбыл Жабаевқа арналған «Жыр алыбы – Жамбыл» атты ІІ республикалық жас ақындар айтысының облыстық кезеңі өткізіледі.

Іс-шара мақсаты: мектеп оқушылары арасында Жамбыл Жабаевтың шығармашылығын насихаттау, жас ақындардың суырып салмалық қабілеттерін, тума таланты мен табиғи дарындарын анықтау, жас айтыскерлерге әлеуметтік-рухани қолдау көрсетіп, олармен шығармашылық жұмыс түрлерін жандандыру.

Айтыс екі бағыт бойынша өтеді:

1) тақырыптық айтыс – бұл жерде қатысушылар Жамбылдың өмірі мен шығармашылығы, жалпы елдегі хал-ахуалы туралы жырлап, бір-біріне мәнді де мағыналы жауап қайтара білуі шарт;

2) қайым айтыс – айтысты бастаған қарсыластың айтқан өлеңінің алғашқы екі жолын бұзбай, мағыналық тұрғыда ғана сәл өзгертіп немесе сол қалпында сақтап, соңғы екі жолында жауап қайтаруы шарт.

Similar Posts