Павлодар облысы білім беру басқармасы «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру орталығының жұмыс жоспарына сәйкес 2023 жылғы 12 мамырда жалпы білім беретін мектептердің 8-11 сынып оқушылары арасында ІІІ Республикалық «Мәшһүр Жүсіп оқулары» байқауы өткізіледі.

Шараны өткізу орны: Павлодар қаласы дарынды ер балаларға арналған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернаты.

Байқау 4 бағыт бойынша өткізіледі.

  1. «Алдыма өлең жаз деп қағаз келген, Сөзімді сөйлеп бақтым мен де білген» (ақындар мүшәйрасы).
  2. «Бас болып өнер білсең, тіпті жақсы» (ғылыми-зерттеу жоба қорғау).
  3. «Білімді зерек адам болам!» – десең, Қара өзіңді басқаның айнасымен» (эссе жазу).
  4. «Мәшһүр-Жүсіп шығармалары және «Ұлы даланың ұлы есімдері» (ұлттың ұлы тұлғаларын сипаттау).

Байқау ережесі https://ertisdaryn.kz сайтында орналастырылған.

Similar Posts