Қарағанды қаласында 2023 жылғы 3-4 қараша айының күндері аралығында VIII Халықаралық робототехника, бағдарламалау және инновациялық технологиялар фестивалі «RoboLand 2023» өткізілді. Фестивальге Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Грузия және Ресейден 300-ден астам команда қатысты. Фестиваль 16 бағыт бойынша өтті.

Фестиваль оқушылардың шығармашылық белсенділігін дамытуға жәрдемдесу, оларда инженерлік дағдыларды қалыптастыру, білім беру робототехникасы мен бағдарламалауды танымал ету, озық тәжірибемен алмасу, мықты командаларды анықтау мақсатында өткізілді.

            Фестивальдың қорытындысы бойынша Павлодар облысының оқушылары 4 медаль жеңіп алды, оның ішінде 2 күміс, 2 қола.

ІІ орын:  «Су роботтары» (14-18 жас) санаты бойынша Нұрлыбекұлы Ерасыл, Тургынбаев Ерасыл 11 сынып оқушыларынан құралған Баянауыл ауданы З.Ақышев атындағы жалпы орта білім беру мектебінің командасы; «Сумо» (10-14 жас) санаты бойынша Баянауыл ауданы Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы атындағы жалпы орта білім беру мектебінің 9-cынып оқушысы Баян Ислам.

ІІІ орын: «Шығармашылық» санаты (6-9 жас) 3-cынып оқушысы Хамза Төлебай, 2-сынып оқушысы Хамза Айару  Баянауыл ауданы Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы атындағы жалпы орта білім беру мектебінің командасы; «Сумо» санаты (10-14 жас) 5-сынып оқушысы Хамзаева Томирис, 7-сынып оқушысы Саябек Ерасылбек  Баянауыл ауданы Шапық Шөкин атындағы №2 жалпы орта білім беру мектебінің командасы.

Similar Posts