Павлодар облысы білім беру басқармасының  «Ертіс дарыны»  өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы 2023 жылғы 13 қарашада жалпы білім беру ұйымдарының 7-8 сынып оқушылары арасында бағдарламалау бағыты бойынша XІІІ облыстық жасөспірімдер олимпиадасын өткізді.

Олимпиаданың мақсаты: жоғары деңгейдегі олимпиадаларға қатысу үшін оқушыларды рейтингтік іріктеу және жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер мен бағдарламалау бойынша олимпиадалық резервті құру.

Шараға 34 оқушы қатысты, оның ішінде 7 сынып – 13 , 8 сынып – 21.

Олимпиада қорытындысында бағдарламалау бағыты бойынша 8 оқушы жеңімпаз бен жүлдегер атанып, І дәрежелі дипломына – 1, ІІ дәрежелі дипломына – 4, ІІІ дәрежелі дипломына – 3 оқушы ие болды.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер тізімі

 

«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру

оқу-әдістемелік орталығы

Similar Posts