«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2023 жылғы 14 қарашада 8-11 сынып оқушылар арасындағы республикалық «Махамбет оқуларының» облыстық кезеңі өткізілді.

Шараға 3 қала, 8 ауданның жалпы білім беру ұйымдары мен 12 дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептерден 73 оқушы қатысты.

Байқау бес бағыт бойынша жүргізілді: «Ұлы арман» – Махамбет шығармаларына иллюстрациялық суреттер салу; «Ел құтқарар ер едім…» – ақын шығармаларын мәнерлеп жатқа оқу; «Шашақты найза, шалқар күй» – Махамбет күйлерін орындау; «Тартынбай сөйлер асылмын…» – жас ақындар сайысы; «Біз неткен ер, неткен ер? Сергелдеңмен өткен ер» – «Хандар мен ел билеушілер», «Батырлар» тақырыбының бірін қорғау.

Оқулар қорытындысы бойынша 31 оқушы жүлделі болды, оның ішінде І орын – 4, ІІ орын – 10, ІІІ орын – 17.

Қазылар алқасының шешімі бойынша «Ұлы арман» бағытында І дәрежелі дипломмен – Екібастұз қ. №25 қазақ қыздар гимназиясының 10-сынып оқушысы Кабдуова Адиля; ІІ дәрежелі дипломмен – Павлодар қ. №35 ЖОББМ 10-сынып оқушысы Табылды Әмір; «Жас Дарын» мамандандырылған мектеп-лицейінің 11-сынып оқушысы Тайкебаева Камила; ІІІ дәрежелі дипломмен – Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатының 11-сынып оқушысы Олжабай Данеля; дарынды ер балаларға арналған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернатының 10-сынып оқушысы Уахит Аспандияр; облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған көптілді лицей-интернатының 11-сынып оқушысы Түбекбай Дінмұхаммед; дарынды балаларға арналған №3 гимназиясының 10-сынып оқушысы Бекбулат Әмірхан марапатталды.

«Ел құтқарар ер едім…» бағытында І дәрежелі дипломға – Екібастұз қ. Бесқауға ЖОББМ 10-сынып оқушысы Бисембекова Сабина; ІІ дәрежелі дипломға – Ы. Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатының 8-сынып оқушысы Айгожина Жанерке; «Зерде» мамандандырылған мектеп-лицейінің 10-сынып оқушысы Емберген Арыслан; ІІІ дәрежелі дипломға – Павлодар қ. Кенжекөл ЖОББМ 10-сынып оқушысы Шариазден Камила; Ақсу қ. Жамбыл ЖОББМ 9-сынып оқушысы Бэрхболұлы Нұрбол; Қ. Сәтбаев атындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған гимназиясының 8-сынып оқушысы Маркс Нұртас; Қабанбай батыр атындағы «Жас сарбаз» облыстық мамандандырылған лицей-интернатының 10-сынып оқушысы Шнайдер Андрей ие болды.

«Шашақты найза, шалқар күй» ІІ дәрежелі дипломды – Павлодар қ. №17 ЖОББМ 9-сынып оқушысы Караканов Ерсултан; Ы. Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатының 11-сынып оқушысы Бақтыбаев Нұрасыл; ІІІ дәрежелі дипломды – Ақсу қ. Ы.Алтынсарин атындағы ЖОББМ 10-сынып оқушысы Уахит Әлия иеленді.

«Тартынбай сөйлер асылмын…» І дәрежелі диплом иегері: Ақсу қ. Ю.Гагарин атындағы ЖОББМ 9-сынып оқушысы Тіленіш Еркебұлан; ІІ дәрежелі диплом – Павлодар қ. №2 ЖОББМ 10-сынып оқушысы Иксатов Ерасыл; Ы. Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатының 11-сынып оқушысы Рафаилов Бейбарыс; ІІІ дәрежелі диплом – Ақтоғай ауданы Қараоба ЖОББМ 10-сынып оқушысы Жұмажан Назерке; Май ауданы Қаратерек ЖОББМ 9-сынып оқушысы Мухтарова Алия; «Зерде» мамандандырылған мектеп-лицейінің 9-сынып оқушысы Сарсымбаева Милисса.

«Біз неткен ер, неткен ер? Сергелдеңмен өткен ер» І дәрежелі дипломмен – Павлодар қ. Мәшһүр Жүсіп атындағы ЖОББМ 10-сынып оқушысы Канапина Медея; ІІ дәрежелі дипломмен – Тереңкөл ауданы Береговая ЖОББМ 8-сынып оқушысы Кожаш Айгерім; «Жас Дарын» мамандандырылған мектеп-лицейінің 9-сынып оқушысы Нурпейсова Даяна; ІІІ дәрежелі дипломмен – Екібастұз қ Өлеңті ЖНББМ 8-сынып оқушысы Айтбаева Еркежан; Ертіс ауданы Қарақұдық ЖОББМ 10-сынып оқушысы Оспанова Арайлым; Май ауданы  Ақжар ЖОББМ 8-сынып оқушысы Жайлауханқызы Айгерім; дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінің 7-сынып оқушысы Урсаева Аружан; дарынды балаларға арналған №3 гимназиясының 8-сынып оқушысы Тлеуғали Айболат марапатталды.

Облыстық конкурстың жеңімпаздары республикалық кезеңге жолдама алды.

 

«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша

білім беру оқу-әдістемелік орталығы

 

Similar Posts