Өтетін уақыты: 2023 жылғы 17 қараша күні.

Өтетін орны: Павлодар қ., облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған лицей-интернаты  (Катаев көш., 63).

Ұйымдастырушы: Павлодар облысының білім беру басқармасы, «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы.

Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер және бағдарламалау бойынша облыстық жасөспірімдер олимпиада келесі 6 пән бойынша өткізіледі: математика, физика, биология, химия, география, бағдарламалау.

Облыс мектептерінің 7-8 сыныптары арасында биология пәнінен жасөспірімдер олимпиадасы 2023 жылғы 17 қарашада облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған лицей-интернатының негізінде өтеді.

Олимпиаданың мақсаты – мектеп оқушыларының жоғары деңгейдегі олимпиадаларға дайындық жүйесін жетілдіру мен жаратылыстану-математикалық бағыттағы және бағдарламалау пәндерден олимпиадалық қорын қалыптастыру.

Биология пәнінен жасөспірімдер олимпиадасына 7-8 сыныптардың 48 оқушы қатысады, олимпиада ауызша түрде 2 кезең бойынша өткізіледі:

І кезең – іріктеу, ІІ кезең – практикалық.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталып, Қ.Сәтбаев атындағы аймақтық олимпиадасына қатыса алады.

 Тіркеу: 9.00-9.30

 

 

Қосымша ақпарат: «Ертіс дарыны» ӨҚББОӘО, Павлодар қ.,Мәшһүр Жүсіп көш., 189,

тел. 65-65-12.

Similar Posts