Павлодар облысы білім беру басқармасының  «Ертіс дарыны»  өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы 2023 жылғы 17 қарашада жалпы білім беру ұйымдарының 7-8 сынып оқушылары арасында биология пәні бойынша XІІІ облыстық жасөспірімдер олимпиадасын өткізді.

Олимпиаданың мақсаты: жоғары деңгейдегі олимпиадаларға қатысу үшін оқушыларды рейтингтік іріктеу және жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер мен бағдарламалау бойынша олимпиадалық резервті құру.

Шараға 45 оқушы қатысты, оның ішінде 7 сынып – 21 , 8 сынып – 24.

Олимпиада қорытындысы бойынша 11 оқушы жеңімпаз бен жүлдегер атанды, І дәрежелі дипломына – 3, ІІ дәрежелі дипломына – 3, ІІІ дәрежелі дипломына – 5 оқушы иеленіп және бір оқушы Құрмет грамотасының иегері болды.

Хаттама

Фотосүреттер

 

«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру

оқу-әдістемелік орталығы

Similar Posts