Өтетін уақыты: 2023 жылғы 21 қараша күні.

Өтетін орны: Павлодар қ., дарынды қыз балаларға арналған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернаты (Камзин көш., 69).

Ұйымдастырушы: Павлодар облысының білім беру басқармасы, «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы.

Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер және бағдарламалау бойынша облыстық жасөспірімдер олимпиада келесі 6 пән бойынша өткізіледі: математика, физика, биология, химия, география, бағдарламалау.

Облыс мектептерінің 7-8 сыныптары арасында химия пәнінен жасөспірімдер олимпиадасы 2023 жылғы 21 қарашада дарынды қыз балаларға арналған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернатының негізінде өтеді.

Олимпиаданың мақсаты – мектеп оқушыларының жоғары деңгейдегі олимпиадаларға дайындық жүйесін жетілдіру мен жаратылыстану-математикалық бағыттағы және бағдарламалау пәндерден олимпиадалық қорын қалыптастыру.

Химия пәнінен жасөспірімдер олимпиадасына 7-8 сыныптардың 41 оқушы қатысады, олимпиада 2 кезең бойынша өткізіледі:

І кезең – іріктеу, ІІ кезең – практикалық.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталып, Қ.Сәтбаев атындағы аймақтық олимпиадасына қатыса алады.

 Тіркеу: 9.00-9.30

Қосымша ақпарат: «Ертіс дарыны» ӨҚББОӘО, Павлодар қ.,Мәшһүр Жүсіп көш., 189,

тел. 65-65-12.

Similar Posts