Ұлттық бірегейлікті сақтау идеясын жүзеге асыру аясында «Зейнолла Сәнік атындағы мәдениет қоры» мен Абай атындағы Республикалық мамандандырылған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын орта мектеп-интернаты бірлесіп, 2023 жылғы 20-22 қараша аралығында Алматы қаласындағы аталған білім  мекемесінде V республикалық «Ділмар» шешендік өнер байқауын өткізді. Мемлекеттік тілде оқытылатын жалпы білім беру ұйымдарының 8-11 сынып оқушылары арасында өткізілген шараға 27 талантты оқушы қатысты.

Байқау мақсаты: мектеп оқушылары арасында шешендік өнерді насихаттап, кітап оқуға, бабалар мұрасынан терең ғибрат алуға, шешен сөйлеуге бағыттау.

Павлодар облысынан байқауға Баянауыл ауданы З. Ақышев атындағы жалпы орта білім беру мектебінің 10-сынып оқушысы Шайкыбекова Нурай қатысып, Арнайы жүлдемен марапатталды, оқушыға ақшалай сыйақы табысталды.

«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру

оқу-әдістемелік орталығы

Similar Posts