«Ертіс дарыны» ӨҚББОӘО-ның жұмыс жоспарына сәйкес спорттық және білім беру робототехникасын танымал ету, роботтарды құрастыру және бағдарламалау, инженерлік ғылымдар, басқа да инновациялық білім беру технологиялары саласындағы дарынды оқушыларды анықтау және қолдау мақсатында «Robotеk Grand Tournament» атты республикалық чемпионатының (бұдан әрі – Чемпионат) облыстық кезеңін Павлодар қаласы «Жастар бастамаларын дамыту орталығы» (Ломов көшесі, 38) негізінде  2023 жылғы 12 желтоқсан күні өткізетінін хабарлайды.

Чемпионаттың ережесі https://rgt.robotek.kz/  сайтында орналасқан.              Қатысушыларда міндетті түрде өзімен бірге болуы тиіс: 1.     Дайын робот2.     Роботқа арналған бағдарлама 3.     Ноутбук (қуаттаушы + тінтуір)4.     Желілік фильтр -1-2 дана5.     ЕV3-ке арналған 2-3 қуатталған батарейка және батарейкаға арналған қуаттаушы6.     Роботқа арналған қажетті бөлшектер7.     Ауыз су            Қатысушыларды тіркеу 09.00-дан 09.30 дейін.            Чемпионат сағат 10.00-де басталады.

Similar Posts