«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы 2023 жылғы 24-26 қараша күндері Ақтау қаласында шығармашыл оқушылар арасындағы Х «Ақберен»  республикалық өнер байқауын өткізді.

Республикалық байқауының «Көркем сөз оқу», «Ақындар мүшәйрасы», «Шешендік өнер», «Ақындар айтысы», «Эссе жазу» және «Ұлттық аспапта өнер көрсету» бағыттарында 133 оқушы бағын сынады.

Павлодар облысынан байқауға өңірлік кезеңінің 6 жеңімпазы қатысты.

Байқау қорытындысы бойынша «Ұлттық аспапта өнер көрсету» бағытында  дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінің  9-сынып оқушысы Кабир Дания  қобыз аспапта өнер көрсетіп, І дәрежелі дипломға ие болды және  «Эссе жазу» бағытында Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған гимназия-интернатының 10-сынып оқушысы Хабидуллаева Аружан ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.

Павлодар ауданы Ямышев жалпы орта білім беру мектебінің 10-сынып оқушысы Таңжарыққызы Іңкәр «Ақберен» Х республикалық өнер байқауында қол жеткен ерекше жетістіктері үшін «Дарын» орталығының грамотасын иеленді.

 

«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру

оқу-әдістемелік орталығы

Similar Posts