Павлодар облысы білім беру басқармасының  «Ертіс дарыны»  өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы 2023 жылғы 27 қарашада жалпы білім беру ұйымдарының 7-8 сынып оқушылары арасында физика пәні бойынша XІІІ облыстық жасөспірімдер олимпиадасын өткізді.

Олимпиаданың мақсаты: жоғары деңгейдегі олимпиадаларға қатысу үшін оқушыларды рейтингтік іріктеу және жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер мен бағдарламалау бойынша олимпиадалық резервті құру.

Шараға 35 оқушы қатысты, оның ішінде 7 сынып – 16 , 8 сынып – 19.

Олимпиада қорытындысы бойынша 5 оқушы жеңімпаз бен жүлдегер атанды, І дәрежелі дипломына – 1, ІІ дәрежелі дипломына – 1, ІІІ дәрежелі дипломына – 3 оқушы иегер болды.

 

«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру

оқу-әдістемелік орталығы

Similar Posts