Оқушылардың ғылыми-зерттеу және зияткерлік шығармашылығын дамыту мақсатында 2023 жылғы 28 қарашада Ә. Марғулан атындағы Павлодар педагогикалық университетінде 8-11 сынып оқушылары арасында республикалық ғылыми жобалар конкурсының облыстық кезеңі өткізілді.

Қазылар алқасы мүшелерінің пікірі бойынша жылдан жылға ұсынылған ғылыми жобалардың саны мен сапасы артуда. Биылғы жылы іс-шараға аудандық, қалалық кезеңдерінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері –  409 оқушы 16 секция бойынша (физика, Жер және Ғарыш туралы ғылымдар, техника, математика, қолданбалы математика, экономика, информатика, химия, биология, қоршаған ортаны және адам денсаулығын қорғау, тарих, адам және қоғам, өлкетану, әдебиет, этномәдениеттану және тіл білімі)  314 жобамен қатысты.

Конкурс қорытындысы бойынша 245 қатысушы 183 жобамен жүлделі орынға ие болды. Оның ішінде І дәрежелі дипломымен – 26 оқушы 19 жобамен,  ІІ дәрежелі дипломымен – 76 оқушы 55 жобамен, ІІІ дәрежелі дипломымен – 143 оқушы 109 жобамен марапатталды.

Республикалық ғылыми жобалары конкурсының облыстық кезеңінің
қорытындысы

 

«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру

оқу-әдістемелік орталығы

Similar Posts