Павлодар қаласының № 7 жалпы орта білім беру мектебінің базасында 8-11 сынып оқушыларына арналған лингвистика бойынша республикалық іріктеу олимпиаданың облыстық кезеңі 2023 жылғы 28 қараша күні өтті.

Олимпиаданың негізгі мақсаты – оқушылардың «колданбалы филология» пәнін оқуға  қызығушылығын ынтандыру, жалпы білім беруде ой-өрістерін дамыту, ғылыми білімді насихаттау, лингвистикадан халықаралық олимпиадаға қатысу үшін олимпиада резервін кұру.

Лингвистика бойынша олимпиаданың облыстық кезеңінің  қорытынды бойынша I дәрежелі дипломымен  Павлодар қаласы А.Шәмкенов ат.жалпы орта білім беру мектебінің 8 сынып оқушысы Татару Елизавета, дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінің  11 сынып оқушысы Одинцова Анастасия  марапатталды. II дәрежелі дипломымен Железин ауданы №2 жалпы орта білім беру мектебінің 9 сынып оқушысы Сейплденова Амира, дарынды балаларға арналған №1 лицей-мектебінің 9 сынып оқушысы Живетина Екатерина және Қ.Сәтбаев ат. дарынды балаларға арналған мамандандырылған гимназиясының 9 сынып оқушысы Сабиганова Аружан, Павлодар қаласы Кенжекөл жалпы орта білім беру мектебінің 11 сынып оқушысы Еркебұлан Мадияр, Павлодар қаласы №17 жалпы орта білім беру мектебінің 11 сынып оқушысы Граблева Аделина, «Жас дарын» мамандандырылған мектеп-лицейінің 10 сынып оқушысы Қаирбек Аяна, дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінің 10 сынып оқушысы Темиргалиева Камила, дарынды балаларға арналған №3 гимназиясының 10 сынып оқушысы Трофименко Максим, Павлодар қаласы №11 жалпы орта білім беру мектебінің 10 сынып оқушысы Дорохин Андрей, Екібастұз қаласы №17 жалпы орта білім беру мектебінің 10 сынып оқушысы Бочарова Ксения ие болды. III дәрежелі дипломына  «Жас дарын» мамандандырылған мектеп-лицейінің 8-9 сынып оқушылары   Нурумова Адина, Ахметова Риза,      дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінің 9 сынып оқушысы Катунина Юлия, «Зерде» мамандандырылған мектеп-лицейінің 8 сынып оқушысы Темирбулатова Арайлым, Ақсу қаласы №4 жалпы орта білім беру мектебінің 9 сынып оқушысы Каржиневская Арина, Ақсу қаласы Қызылжар жалпы орта білім беру мектебінің Сулайманова Дильбархон, Ертіс ауданы №3 жалпы орта білім беру мектебінің 9 сынып оқушысы Ельмуратова Милана, Тереңкөл ауданы Трофименко жалпы орта білім беру мектебінің 10 сынып оқушысы Баженова Жанел, дарынды балаларға арналған №3 гимназиясының 10 сынып оқушысы Глубокова Маргарита, Облыстық көпсалалы дарынды балаларға арналған лицей-интернатының 10 сынып оқушысы Рахимова Дания,   «Жас дарын» мамандандырылған мектеп-лицейінің 11 сынып оқушысы Канашева Айым,   дарынды балаларға арналған №3 гимназиясының 11 сынып оқушысы Солдатенко Яна,   Қ.Сәтбаев ат. дарынды балаларға арналған мамандандырылған гимназиясының 11 сынып оқушысы    Амангелді    Нұрәділ,  Облыстық көпсалалы дарынды балаларға арналған лицей-интернатының 11 сынып оқушысы   Рахметов Али, Екібастұз қаласы №35 мектеп-гимназиясының 10 сынып оқушысы Седлецкий Роман  иеленді.      

Лингвистикалық олимпиаданың облыстық турының жеңімпаздары біздің облысты 2023 жылғы 14 желтоқсанда республикалық кезеңде таныстырады.    

                

«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру

оқу-әдістемелік орталығы

 

Similar Posts