Павлодар облысы білім беру басқармасының  «Ертіс дарыны»  өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы дарынды ер баларға арналған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернатының негізінде 2023 жылғы 29 қарашада жалпы білім беру ұйымдарының 7-8 сынып оқушылары арасында география пәні бойынша XІІІ облыстық жасөспірімдер олимпиадасын өткізді.

Олимпиаданың мақсаты: жоғары деңгейдегі олимпиадаларға қатысу үшін оқушыларды рейтингтік іріктеу және жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер мен бағдарламалау бойынша олимпиадалық резервті құру.

Шараға 45 оқушы қатысты, оның ішінде 7 сынып – 22 , 8 сынып – 23.

Олимпиада қорытындысы бойынша 4 оқушы жеңімпаз бен жүлдегер атанып, І дәрежелі дипломына – 1, ІІ– 2, ІІІ – 1 және 1 оқушы Құрмет грамотасына ие болды.

Хаттама

 

«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру

оқу-әдістемелік орталығы

Similar Posts