«Дарын» республикалық гылыми-практикалық орталығы Атырау облысының білім басқармасымен бірлесіп, 2023 жылғы 28-29 қараша аралығында отарлау саясатына қарсы азаттық қозғалыстың жарқын өкілі, қазақ халқының біртуар тұлғасы Махамбет Өтемісұлының 220-жылдығын мерекелеу аясында ақын, күйші шығармашылығына арналған республикалық байқау өткізді.

Байқау бес бағыт бойынша жүргізілді: «Ұлы арман» – Махамбет шығармаларына иллюстрациялық суреттер салу; «Ел құтқарар ер едім…» – ақын шығармаларын мәнерлеп жатқа оқу; «Шашақты найза, шалқар күй» – Махамбет күйлерін орындау; «Тартынбай сөйлер асылмын…» – жас ақындар сайысы; «Біз неткен ер, неткен ер? Сергелдеңмен өткен ер» – «Хандар мен ел билеушілер», «Батырлар» тақырыбының бірін қорғау.

Павлодар облысынан республикалық додаға өңірлік байқаудың жеңімпаздары қатысты: Екібастұз қ. №25 қазақ қыздар гимназиясының 10-сынып оқушысы Кабдуова Адиля; Екібастұз қ. Бесқауға ЖОББМ 10-сынып оқушысы Бисембекова Сабина; Ақсу қ. Ю. Гагарин атындағы ЖОББМ 9-сынып оқушысы Тіленіш Еркебұлан; Павлодар қ. Мәшһүр Жүсіп атындағы ЖОББМ 10-сынып оқушысы Канапина Медея.

Республикалық шара қорытындысында «Тартынбай сөйлер асылмын…» – жас ақындар бағытында Ақсу қ. Ю. Гагарин атындағы ЖОББМ 9-сынып оқушысы Тіленіш Еркебұлан І дәрежелі дипломмен марапатталды.

«Ертіс дарыны» ӨҚББОӘО

 

Similar Posts