«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының жұмыс жоспарына сәйкес 2023 жылғы 30 қарашада республикалық «Ілияс Жансүгіров оқуларының» облыстық кезеңі өткізілді. Шараға жалпы білім беру және мамандандырылған мектептерінің 8-11 сыныптарынан 47 оқушы қатысты. 

Сайыс қорытындысы бойынша 22 оқушы жүлделі орынға ие болды, оның ішінде: Бас жүлде – 3, І орын – 3, ІІ орын – 6, ІІІ орын – 10.

«Ілияс – қазақ поэзиясының жыр құлагері» (ақынның өлеңдерін және «Құлагер» поэмасынан үзінді жатқа оқу) бағытында Бас жүлдемен – Екібастұз қ. Бесқауға ЖОББМ 10-сынып оқушысы Чебентаева Марал; I дәрежелі дипломмен – Ертіс ауданы Қызылқақ ЖОББМ 8-сынып оқушысы Нышанәліқызы Ақтұлым; ІІ дәрежелі дипломмен – Ақсу қ. Ы. Алтынсарин ат. ЖОББМ 9-сынып оқушысы Талгатов Казбек; Павлодар қ. №30 ЖОББМ 10-сынып оқушысы Ақтай Толғанай; IІІ дәрежелі дипломмен – Ы. Алтынсарин ат. дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатының 8-сынып оқушысы Оразалы Нұрия; Аққулы ауданы Қазы ЖОББМ 9-сынып оқушысы Аманова Дильназ; Успен ауданы Қозыкеткен ЖОББМ 10-сынып оқушысы Батырбекқызы Сұңқар марапатталды.

«Ұлы тұлғаға арнау» (жас ақындар) бағытында Бас жүлде иегері: Ақсу қ. Ю. Гагарин ат. ЖОББМ 11-сынып оқушысы Досан Наурызбай; I дәрежелі диплом – Ы. Алтынсарин ат.  дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатының 8-сынып оқушысы Қайрат Алдияр; IІ дәрежелі диплом – Ақсу қ. Ы. Алтынсарин ат. ЖОББМ 8-сынып оқушысы Сәрсенбай Нұрсәт; Успен ауданы Ш.Айманов ат. ЖОББМ 8-сынып оқушысы Исен Айбала; IІІ дәрежелі диплом – Павлодар қ. №17 ЖОББМ 10-сынып оқушысы Туғанбай Әмірхан; дарынды ер балаларға арналған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернатының 8-сынып оқушысы Айтжанов Адлет; «Жас Дарын» мамандандырылған мектеп-лицейінің 8-сынып оқушысы Медіғат Кәусар; Май ауданы Ақжар ЖОББМ 10-сынып оқушысы Сейілғазы Мәрмәр.

«Ілияс – сөз шебері» (Жансүгіровтің драма немесе прозалық шығармасынан үзінді жатқа оқу) бағытында Бас жүлдені – Ы. Алтынсарин ат.  дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатының 9-сынып оқушысы Хамелбайқызы Әмина; I дәрежелі дипломды – Екібастұз қ. С. Торайғыров ат. №22 гимназия-мектебінің 8-сынып оқушысы Серікпаева Наргиз; IІ дәрежелі дипломды – Ақсу қ. Қызылжар ЖОББМ 10-сынып оқушысы Темиргалиева Аяулым; Ертіс ауданы Қызылқақ ЖОББМ 9-сынып оқушысы Жақсылық Ерасыл; IІІ дәрежелі дипломды – Май ауданы Қаратерек ЖОББМ 10-сынып оқушысы Тайтуленова Жансая; дарынды балаларға арналған Абай атындағы гимназиясының 9-сынып оқушысы Байзолла Сұлужан; дарынды балаларға арналған №3 гимназиясының 8-сынып оқушысы Алғабек Медина иеленді.

Облыстық кезең жеңімпаздары республикалық байқауға жолдама алды.

«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру

оқу-әдістемелік орталығы

Similar Posts