«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы 2023 жылғы 11-12 желтоқсан «Алматы дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды аңыктау және қолдау орталығы Алматы әкімінің кубогы үшін «Almaty TECHCUP-2023» VIII Халықаралық робототехника, бағдарламалау және инновациялық технологиялық бойынша ашық чемпионатын (бұдан әрі – Чемпионат) өткізілетіні туралы хабарлайды.

Чемпионаты еліміздің жалпы білім беру, қосымша білім беру, мамандандырылған білім беру ұйымдарының оқушылары, колледж және ЖОО студенттері қатыса алады.

Чемпионат келесі бағыттар бойынша өткізіледі:

  • FIRST LEGO League Explore (6-10 жас аралығы)
  • FIRST LEGO League Challenge (10-16 жас аралығы)
  • FIRST TECH Challenge (12-18 жас аралығы)
  • Drone Racing

Чемпионат аясында шеберлік сабақтары мен семинарлар өткізіледі

Чемпионат конкурстары бойынша ең көп ұпай жинаған үздік командаға чемпионатының бас жүлдесі – Алматы қаласы әкімінің кубогы және ақшалай сыйлық беріледі.

FIRST жарыстарында жоғары инженерлік және кәсіби деңгей көрсеткен командалар Орталық Азия чемпионатына, Central Asia FIRST Championship қатысуға лицензия алады. First Tech Challenge санатындағы бес командаға Депок қаласындағы Индонезия чемпионатына қатысуға лицензия ұтып алу мүмкіндігі беріледі.

Сондай-ақ, FLL Explore, FLL Challenge, FTC санаттары бойынша командаларға Гоа қаласындағы Үндістан чемпионатына қатысуға лицензия алу мүмкіндігі беріледі.

Чемпионат Алматы қаласындағы «Атакент» халықаралық көрме орталығында (11 павильон) өтеді.

Мекенжайы: Алматы қаласы, Тимирязев көшесі, 42

Жарыстың басталуы: 11.12.2023 ж., сағат 10.00

Командаларды тіркеу: сағат 08.00

Қатысушылардың іс-сапар шығыны жіберуші жақтың есебінен төленеді.

Чемпионат туралы толық ақпаратты (Ереже, жұмыс тәртібі, ұйымдастырушылардың байланыс телефондары және т.б.) чемпионатының http://techcup.kz  ресми сайтынан алуға болады.

Similar Posts