«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру орталығының жұмыс жоспарына сәйкес 2023 жылғы 8 желтоқсанда «Жас Дарын» мамандандырылған мектеп-лицейінің базасында Жамбыл Жабаевқа арналған «Жыр алыбы – Жамбыл» атты ІІІ республикалық жас ақындар айтысының облыстық кезеңі өткізіледі.

Іс-шара мақсаты: мектеп оқушылары арасында Жамбыл Жабаевтың шығармашылығын насихаттау, жас ақындардың суырып салмалық қабілеттерін, тума таланты мен табиғи дарындарын анықтау, жас айтыскерлерге әлеуметтік-рухани қолдау көрсетіп, олармен шығармашылық жұмыс түрлерін жандандыру.

Айтыс екі бағыт бойынша өтеді:

1) тақырыптық айтыс – бұл жерде қатысушылар Жамбылдың өмірі мен шығармашылығы туралы жырлап, бір-біріне мәнді де мағыналы жауап қайтара білуі шарт;

2) қайым айтыс – айтысты бастаған қарсыластың айтқан өлеңінің алғашқы екі жолын бұзбай, мағыналық тұрғыда ғана сәл өзгертіп немесе сол қалпында сақтап, соңғы екі жолында жауап қайтаруы шарт.

Облыс кезеңінің екі жеңімпазы республикалық айтысқа қатысады.

 

Similar Posts