«EL UMITI» қоры» корпоративтік қорының ұйымдастырумен 2023 жылғы 30 қазан – 4 қараша аралығында  7-9 сынып оқушылары арасында «EL UMITI Talent» атты  онлайн форматта республикалық олимпиаданың   күзгі кезені өткізілді. Олимпиадаға 600-ден астам оқушылар қатысты.

Олимпиаданың мақсаты – оқушылардың академиялық қабілеттерін анықтау, теориялық білімі мен тәжірибелік шеберлігін тереңдету, дарынды балаларды анықтау үшін қажетті жағдай тудыру, халықаралық олимпиадаларға қатысатын оқушыларды даярлдау, олимпиадалық қозғалысты танымал ету.

 Олимпиада математика, физика, химия пәндері бойынша өтті.  Павлодар облысынан  49 оқушы қатысты.

Олимпиаданың қорытындысы бойынша 8 оқушы жүлделі болды, оның ішінде І  орын –  6 , ІІ орын – 2.

 

«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру
оқу-әдістемелік орталығы

Similar Posts