ХХ жасөспірімдер арасындағы халықаралық жаратылыстану-ғылыми олимпиадасы 1-10  желтоқсан аралығында Таиландтың Бангкок қаласында өтті. Оған әлемнің 55 елінен барлығы 311 оқушы қатысты.

Олимпиадаға Қазақстан Республикасының атынан алты оқушы қатысты.

Шара үш кезеңнен тұрды: тест, теориялық және эксперементтік кезең. Әр кезеңде қатысушылар физика, химия, биология пәндері бойынша тапсырмаларды  орындады.

Қатысу қорытындысы бойынша Қазақстан кұрама командасы 6 қола медаль жеңіп алды. Олимпиада жеңімпаздары қатарында Павлодар облысының дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінің 9 сынып оқушылары Бектұрсын Дария мен Рудик Иван (мұғалімдері Молокова И.Н., Билида А.Н., Синицына И.Ю.).

Бектұрсын Дария мен Рудик Иван республикалық жасөспірімдер олимпиадасының және республикалық жалпы білім беретін пәндер  бойынша  олимпиадасының бірнеше дүркін жеңімпаздары.

Оқушыларымызды, ата-аналарын және мұғалімдерін халықаралық олимпиададағы жеңісімен құттықтаймыз!

Региональный учебно-методический центр

дополнительного образования «Ертіс дарыны»

Similar Posts