«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2023 жылғы 14 желтоқсанда Жамбыл Жабаевқа арналған «Жыр алыбы – Жамбыл» атты ІІІ республикалық жас ақындар айтысының облыстық кезеңі өткізілді.

Айтыс мақсаты: мектеп оқушылары арасында Жамбыл Жабаевтың шығармашылығын насихаттау, жас ақындардың суырып салмалық қабілеттерін, тума таланты мен табиғи дарындарын анықтау, жас айтыскерлерге әлеуметтік-рухани қолдау көрсетіп, олармен шығармашылық жұмыс түрлерін жандандыру.

Іс-шараға облыс жалпы білім беру және мамандандырылған мектептерінің 8-11 сыныптарынан 13 оқушы қатысты.

Айтыс екі бағыт бойынша өтті:

1) тақырыптық айтыста қатысушылар Жамбылдың өмірі мен шығармашылығы, жалпы елдегі хал-ахуалы туралы жырлап, бір-біріне мәнді де мағыналы жауап қайтара білді;

2) қайым айтыста – айтысты бастаған қарсыластың айтқан өлеңінің алғашқы екі жолын бұзбай, мағыналық тұрғыда ғана сәл өзгертіп немесе сол қалпында сақтап, соңғы екі жолында жауап қайтарды.

Сайыс қорытындысында 12 оқушы жеңімпаз бен жүлдегер атанып, облыс білім беру басқармасының дипломдарымен марапатталды: Бас жүлде – 2, І дәрежелі диплом – 3, ІІ дәрежелі диплом – 4, ІІІ дәрежелі диплом – 3.

«Тақырыптық айтыс» бағытында Бас жүлдеге – Ы. Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатының 11-сынып оқушысы Қазбек Ибрахим; І орынға – Павлодар қ. №33 ЖОББМ 9-сынып оқушысы Қажет Еркеш; Ы. Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатының 11-сынып оқушысы Рафаилов Бейбарыс; ІІ орынға – Павлодар қ. Мәшһүр Жүсіп ат. ЖОББМ 11-сынып оқушысы Шахмарданов Темирлан; Павлодар қ. Қ. Бекқожин ат. ЖОББМ 10-сынып оқушысы Мұрат Заңғар; «Жас Дарын» мамандандырылған мектеп+лицейінің 10-сынып оқушысы Макаров Муслим; ІІІ орынға – Павлодар қ. №35 ЖОББМ 9-сынып оқушысы Манат Саида; Баянауыл ауданы Егіндібұлақ ЖОББМ 11-сынып оқушысы Солтанбай Күннұр ие болды. «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының Құрмет грамотасымен Екібастұз қ. №26 гимназия-мектебінің 8-сынып оқушысы Қайырбай Азамат марапатталды.

«Қайым айтыс» бағытында Бас жүлдені – Ы. Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатының 9-сынып оқушысы Баршинбаев Мейржан; І орынды – дарынды ер балаларға арналған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернатының 8-сынып оқушысы Айтжанов Адлет; ІІ орынды – Шарбақты ауданы А. Құнанбаев атындағы ЖОББМ 8-сынып оқушысы Жұмабекқызы Алина; ІІІ орынды – Баянауыл ауданы Ш. Шөкин атындағы ЖОББМ 9-сынып оқушысы Нұрақмет Мәуіт иеленді.

Облыс кезеңінің Бас жүлде иегерлері республикалық айтысқа жолдама алды.

 

«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру

оқу-әдістемелік орталығы

Similar Posts