Алматы қаласында 2023 жылғы 11-12 желтоқсанда  Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті базасында информатикадан XV Еуразиялық олимпиада өтті.

Олимпиаданың негізгі мақсаты – оқушылардың ақпараттық құзыреттілігін қалыптастыру, оқушылардың ақпараттық мәдениетін дамыту.

Олимпиадаға Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстан елдерінен 75 командадан 200-ден астам оқушы қатысты. Олимпиада екі тур бойынша өткізілді: техникалық және негізгі тур.

Олимпиаданың қорытындысы бойынша дарынды балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернатының 9 сынып оқушысы Ермек Әділ ІІІ орынға ие болды.

Similar Posts