Астанада 2023 жылғы 16-18 желтоқсанда  Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен «INFOMATRIX ASIA-2023» халықаралық компьютерлік жобалар байқауының қорытынды кезеңі өтті. Жарысқа әлемнің 4 елінен 184 жобамен 450 оқушы қатысты.

Байқаудың негізгі мақсаты: IT саласындағы ғылыми зерттеушілікке қызығушылық танытатын дарынды жастарды анықтау, қолдау және дамыту; IT саласын дамытудың тиімді құралы ретінде дарынды оқушылардың ғылыми-зерттеу әрекетіне негізделген жаңа жобаларды әзірлеу; әртүрлі елдерден оқушылар мен мұғалімдерді тарту арқылы халықаралық ынтымақтастықты нығайту және шығармашылық тәжірибе алмасу.

Жарыс ағылшын тілінде алты бағыт бойынша өткізілді: Робототехника-FLL Challenge және Arduino Hackathon; Компьютерлік бағдарламалау; Компьютерлік графика және өнер; Қолданбалы ғылыми жобалар; Қысқаметражды фильмдер; Қолданбалы математика жобалары.

Жарыс қорытындысы бойынша павлодарлық команда екі  алтын және үш қола медальге ие болды.

Дарынды қыздарға арналған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернатының 10 сынып оқушылары Мүсүр Дәрия мен Махамматали Аружан I дәрежелі дипломдарымен және алтын медальдарымен марапатталды (жетекшісі Бахара Лайых).

ІІІ дәрежелі дипломдарына  және қола медальдарына Ақсу қаласының Ы.Алтынсарин атындағы қазақ орта мектебінің 10,11 сынып оқушылары Бавархан Рабиға мен Курмангалиева Анель (жетекшісі Авчикур Аманхан), сондай-ақ Екібастұз қаласының №13 жалпы орта білім беру мектебінің 10 сынып оқушысы Гарбузовская Дарья (жетекшілері Уразбаева Г.Т., Бараисова Ж. Р., Ахметова Б. Ш.) ие болды.

Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетіне білім гранттары табыс етілді.

 

         «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру

оқу-әдістемелік орталығы

 

Similar Posts