Әзірбайжан Республикасы Баку қаласында 2023 жылғы 24-27 желтоқсан аралығында «Таланттарды даярлау зертханасы» атты Халықаралық олимпиадасы өтті.  Бұл олимпиадада 15 жасар жас зияткерлер физика, химия және математика пәндерінен өз білімдерін таразыға салды.

Олимпиаданың мақсаты – оқушылардың жаратылыстану-математикалық бағыттағы ғылымдарға деген қызығушылығы мен шығармашылық қабілеттерін анықтау және дамыту, дарынды балалардың зияткерлік дамуына қолдау көрсету үшін қажетті жағдайлар жасау, жастар арасында ғылыми білімді тарату және дәріптеу боп табылады.

Олимпиадаға ТМД елдерінің командалары қатысты. Қазақстан  намысын келесі оқушылары қорғады: Павлодар қ. дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінің 9-сынып оқушысы Бектұрсын Дәрия, Алматы қ. Республикалық физика-математика мектебінің 9-сынып оқушысы Аппас Абылай, Астана қ. дарынды ер балаларға арналған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернатының 9-сынып оқушысы Алтынбек Ерасыл.

Олимпиаданың қорытындысы бойынша Павлодар қ. дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінің 9сынып оқушысы Бектұрсын Дәрия күміс медаль жеңіп алды (мұғалімдері: Билида Анатолий Николаевич, Стадникова Лилия Викторовна, Молокова Ирина Николаевна). Алты мемлекет арасында Қазақстан құрама командасы жалпыкомандалық есепте 3 орынға ие болды.

Дәрияны,  дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінің мұғалімдер ұжымын және ата-анасын халықаралық олимпиададағы жеңісімен құттықтаймыз!

 «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша

 білім беру оқу-әдістемелік орталығы

Similar Posts