Жалпы білім беретін пәндер бойынша 9-11 сынып оқушылары арасындағы республикалық  олимпиадасының облыстық кезеңі 2024 жылғы 4-6 қаңтарда өтті. Олимпиадаға 27 команда қатысты: оның ішінде 3 қала, 10 аудан және 14 мамандадырылған білім беру ұйымдарынан  687 оқушы қатысты.

Олимпиаданың облыстық кезеңінің қорытындысы 10 қаңтарда Естай атындағы қалалық мәдениет сарайында олимпиаданың облыстық кезеңінің жеңімпаздары мен жүлдегерлерін салтанатты түрде жабу және марапаттау рәсімі өтті.

Олимпиада қорытындысы бойынша мамандандырылған мектептер арасында «Үздік олимпиадалық команда – 2024» атағы жаратылыстану-математикалық бағыт бойынша: І орын – дарынды балаларға арналған № 8 мектеп-лицей; ІІ орын – дарынды ер балаларға арналған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернаты; ІІІ орын -дарынды балаларға арналған №3 гимназия.

Қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша: І орын – дарынды балаларға арналған № 3 гимназия; ІІ – орын дарынды балаларға арналған Ы.Алтынсарин атындағы облыстық қазақ гимназия-интернаты және ІІІ орын «Жас Дарын» мамандандырылған мектеп-лицейі.

Қалалар  арасында  «Үздік олимпиадалық команда-2024»  номинациясы бойынша Павлодар қаласының құрама командасы, аудандық командалар  арасында  Шарбақты  ауданы оқушыларының құрама командасы атаққа ие болды.

І, ІІ және ІІІ дәрежелі дипломдарымен 338 қатысушы марапатталды, оның ішінде І дәрежелі дипломымен 56 оқушы, ІІ дәрежелі дипломымен 102 оқушы, ІІІ дәрежелі дипломдарымен 180 оқушы марапатталды.

Облыстық пәндік олимпиада жүлдегерлеріне Торайғыров университетінің 5 білім гранты және Ә. Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінің 12 гранты табыс етілді.

 Облыстық олимпиаданың фотолары

 

 

 

 

Similar Posts