Астана қаласында  2024 жылғы 14-18 қаңтар аралығында ауыл мектептерінің  9-11 сынып оқушыларына арналған жаратылыстану-математика бағыты бойынша республикалық олимпиада өтті. Еліміздің түкпір-түкпірінен келген 1000-нан астам дарынды ауыл мектептерінің оқушылары математика, информатика, физика, химия, биология, география пәндері бойынша күрделі тапсырмаларды орындап, өз деңгейлері мен дағдыларын көрсете білді.

               Аулдық жерлердегі мектеп оқушыларының дарындылығы мен кәсіби бағдарлануы мақсатында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрі Бейсембаев Ғани Бектайұлының тікелей тапсырмасы бойынша тұңғыш рет ауыл мектептерінің оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиада 2023 жылғы қарашада бастау алды.

               Олимпиада бес базада өтті. Олар, Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Astana IT University, Әлихан Бөкейхан атындағы Віnom School, Radisson Astana Hotel  және «Думан» қонақ үйі.

               Олимпиада барысын ата-аналар комитетінің өкілдері, журналистер, ғалымдар және ЖОО оқытушылары қадағалады.

Павлодар облысын 10 оқушыдан тұратын команда таныстырды.

Олимпиаданың қорытындысы бойынша Павлодар қаласының ауылдық аймағының №40 ЖОББМ-нің  11-сынып оқушысы Комаров Максим биология пәнінен үздік нәтиже көрсетіп, І дәрежелі дипломымен марапатталды (мұғалімі  Нуркенова О.В.).ІІ дәрежелі дипломымен-Тереңкөл ауданының Песчан № 1 ЖОББМ-нің      9 сынып оқушысы Чоп Анна  (химия, мұғалімі Красноперова Т.А.).ІІI дәрежелі дипломына Успен ауданының М.Жұмабаев атындағы ЖОББМ-нің 11 сынып оқушысы Короткова Вероника (математика мұғалімі Құлатаева В.А.) және Ақтоғай ауданының Қ.Ыдырысов атындағы ЖОББМ-нің   11 сынып оқушысы Файзулла Ақбота (география, Сманова Қ.О.) ие болды.

               Олимпиада жеңімпазы Комаров Максим Торайғыров университетінің білім грантының иегері атанды, сонымен қатар 2024 жылы жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың финалдық кезеңіне қатысу құқығына ие болды.

            Олимпиаданың барлық қатысушыларға сертификаттар және естелік сыйлықтар табыс етілді. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер бағалы сыйлықтармен марапатталды: ұялы телефон, сымсыз құлаққаптар және портативті зарядтау құрылғысы.

               Айта кетерлігі, барлық қатысушылар «Дарын» республикалық сырттай оқу мектебіне қабылданады. Бірінші дәрежелі диплом иегерлері 2024 жылы жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңіне қатысады.

            «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру

оқу-әдістемелік орталығы

 

Similar Posts