Өтетін уақыты: 2024 жылғы 23 қаңтар, ашылуы – сағат 9.30, басталуы – сағат  10.00-де, марапаттау рәсімі – сағат 15.00-де.

Өтетін орны: Павлодар қ.,  Жастар бастамаларын дамыту орталығы (Ломов көшесі, 38).

Ұйымдастырушы: Павлодар облысы білім беру басқармасының «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы.

Іс-шараның мақсаты – робототехника, инженерия және бағдарламалау саласындағы дарынды оқушыларды анықтау және қолдау. Жастар арасында инженерлік мамандықтардың беделін арттыру.

Чемпионатқа 57 команда (құрамында 110 оқушы) қатысады.

«Robotek Grand Tournament» чемпионаты 7 санат бойынша өткізіледі:

  1. Роботек (9-12 жас)
  2. Инверстік сызық бойымен жарыс (9-12 жас)
  3. Жеткізуші робот (10-13 жас)
  4. Мерген — кіші санат (10-13 жас)
  5. Мерген — жоғары санат (14-17 жас)
  6. Туды жеткізу (14-17 жас)
  7. Сұрыптаушы робот (14-17 жас).

Чемпионат қорытындысы бойынша ең мықты құрамалары облыс білім басқармасының І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталады. Жеңімпаздар 2024 жылғы 2-3 мамырда Астана қаласында өтетін «Robotek Grand Tournament» республикалық чемпионатына қатысады.

Қосымша ақпарат: «Ертіс дарыны» ӨҚББОӘО (Павлодар қ,. Мәшһүр Жүсіп көш., 189,

тел. 87074982294).

 

 

 

Similar Posts