Павлодар облысы білім беру басқармасының бастамасы бойынша «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының әзірлеуімен 2024 жылғы 19 қаңтарда алғашқы рет облыстық «Шәкәрім оқулары» байқауы өткізілді.

Шараның негізгі мақсаты мен міндеттері: қазақ халқының ұлттық рухани, әдеби мұрасын дәріптеу, мектеп оқушыларының классикалық әдебиетті оқуға қызығушылығын арттыру; Шәкәрім шығармаларындағы эстетикалық талғам мен тұлғалық қасиетті насихаттау; ақын шығармаларына сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Байқау келесі төрт бағыт бойынша өткізілді: «Мен жаздым өлеңменен бірталай сөз» – Шәкәрімнің өлеңдері мен поэмаларын жатқа оқу; «Ән – өлшеуіш, өлең – күміс» – ақын әндерін орындау;  «Арыңның болсын өлең айнасындай» – жас ақындар сайысы; «Шәкәрім әлемі» – ақынның шығармашылығына, рухани болмысына қатысты ұсынылған тақырыптардан бірін таңдап, эссе жазу.

Шараға жалпы білім беру және мамандандырылған мектептерінің 8-11 сыныптарынан 52 оқушы қатысты. 

Сайыс қорытындысы бойынша 27 оқушы жүлделі орынға ие болды, оның ішінде: І орын – 5, ІІ орын – 9, ІІІ орын – 13.

«Мен жаздым өлеңменен бірталай сөз» бағытында І дәрежелі дипломмен –

Ы. Алтынсарин ат. дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатының 10-сынып оқушысы Жұмабай Қосман; ІІ дәрежелі дипломмен – Екібастұз қ. Бесқауға ЖОББМ 10-сынып оқушысы Бисембекова Сабина; Май ауданы Ақшиман ЖНББМ 8-сынып оқушысы Ербол Нурислан; ІІІ дәрежелі дипломмен – Аққулы ауданы Қазы ЖОББМ 9-сынып оқушысы Аманова Дильназ; «Зерде» мамандандырылған мектеп-лицейінің 10-сынып оқушысы Марат Нұртас марапатталды.

«Ән – өлшеуіш, өлең – күміс» бағытында І дәрежелі дипломға – Ақсу қ. Абай ат. ЖОББМ 9-сынып оқушысы Майданова Аянат; ІІ дәрежелі дипломға – Екібастұз қ. №17 ЖОББМ 10-сынып оқушысы Жансағып Жадыра; Железин ауданы Екішоқ ЖНББМ 9-сынып оқушысы Кенжебаева Ақбота; ІІІ дәрежелі дипломға – облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған лицей-интернатының 8-сынып оқушысы Балтабек Арайлым; дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінің 8-сынып оқушысы Чистова Алиса; Қабанбай батыр ат. «Жас сарбаз» облыстық мамандандырылған лицей-мектеп-интернатының 10-сынып оқушысы Жакенов Қайсар ие болды.

«Арыңның болсын өлең айнасындай» бағытында І дәрежелі дипломды – Ақсу қ. Ю. Гагарин ат. ЖОББМ 9-сынып оқушысы Тіленіш Еркебұлан; Ы. Алтынсарин ат. дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатының 10-сынып оқушысы Охиттан Нұриден; ІІ дәрежелі дипломды – Май ауданы Ақжар ЖОББМ 10-сынып оқушысы Сейілғазы Мәрмәр; «Жас Дарын» мамандандандырылған мектеп-лицейінің 10-сынып оқушысы Макаров Муслим; ІІІ дәрежелі дипломды –   Екібастұз қ. №25 қазақ қыздар гимназиясының 9-сынып оқушысы Курманшаравқызы Гаухар; Аққулы ауданы Б. Уахатов ат. ЖОББМ 10-сынып оқушысы Мерғалым Ерхат; дарынды ер балаларға арналған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернатының 8-сынып оқушысы Айтжанов Адлет иеленді.

«Шәкәрім әлемі» бағытында І дәрежелі диплом иегері: Павлодар қ. Ә.Бөкейхан ат. лицей-мектебінің 10-сынып оқушысы Солтанмурат Аяулым; ІІ дәрежелі диплом – Шарбақты ауданы Арбиген ЖОББМ 9-сынып оқушысы Көптілеу Зоя; «Жас Дарын» мамандандандырылған мектеп-лицейінің 9-сынып оқушысы Нурпейсова Дайана; облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған лицей-интернатының 9-сынып оқушысы Сатенова Данель; ІІІ дәрежелі диплом – Павлодар қ. №43 ЖОББМ 11-сынып оқушысы Савельева Елизавета; Екібастұз қ. С. Торайғыров ат. №22 гимназия-мектебінің 8-сынып оқушысы Жұмабай Меруерт; Тереңкөл ауданы Березов ЖОББМ 8-сынып оқушысы Тугельбай Инабат; Успен ауданы Қаратай ЖОББМ 8-сынып оқушысы Ахтамбер Аяулым; Ы. Алтынсарин ат. дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатының 11-сынып оқушысы Кобей Нұрсәуле

 

 «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру

оқу-әдістемелік орталығы

 

Similar Posts