«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2024 жылғы 23 қаңтарда «Robotek Grand Tournament» республикалық чемпионатының облыстық кезеңі өтті.

Жарыс мақсаты мен міндеттері: роботтарды құрастыру, бағдарламалау, инженерлік ғылымдар, басқа да инновациялық білім беру технологиялардағы дарынды оқушыларды анықтау мен қолдау; спорттық және білім беру робототехникасын танымал ету; балалардың инновациялар мен жоғары технологиялар саласына қызығушылығын ынталандыру.

Чемпионат келесі 7 санаты бойынша өткізілді:

  1. Роботек (9-12 жас)
  2. Инверстік сызық бойымен жарыс (9-12 жас)
  3. Жеткізуші робот (10-13 жас)
  4. Мерген — кіші санат (10-13 жас)
  5. Мерген — жоғары санат (14-17 жас)
  6. Туды жеткізу (14-17 жас)
  7. Сұрыптаушы робот (14-17 жас).

Жарысқа 44 команда құрамында 85 оқушы қатысты.

Чемпионат қорытындысы бойынша  28 команда құрамында 55 оқушы жеңімпаз бен жүлдегер атанып, облыс білім беру басқармасының І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталды: І – 7 команда, ІІ – 10 команда, ІІІ – 11 команда.

«Роботек» санатында І орынға дарынды балаларға арналған № 3 гимназиясының «Flash 1» команда мүшелері Мұқұш Алмаз, Марат Асыл (жетекшісі Сыздыков Р.Ж.); ІІ орынға М.М. Катаев атындағы Оқушылар сарайының «OS_Arlandary» команда мүшелері Амантай Елдар, Сайлау Алинұр (жетекшісі Солтаналинов К.И.);  Баянауыл ауданы М.Ж.Көпеев атындағы жалпы орта білім беру мектебінің «J34» команда мүшелері Хамза Төлебай, Көшен Думан (жетекшісі Аюпов А.Х.); ІІІ орынға – Павлодар қаласының №25 жалпы орта білім беру орта мектебінің «Runner» команда мүшелері Каирденов Рахат, Егеубай Рауан (жетекшісі Томаров Ж.Ж.)  ие болды.

«Инверстік сызық бойымен жарыс» санатында І дәрежелі дипломмен  Ертіс ауданы Абай жалпы орта білім беру мектебінің «Абай» команда мүшелері Қасымжан Нұрғиса, Битасов Бектас  (жетекшісі Курманбаев Н.А.); ІІ дәрежелі дипломмен Баянауыл ауданы Ш.Шөкин атындағы жалпы орта білім беру мектебінің «Bayanaul-3» команда мүшесі Саябек Ерасылбек, Есболат Ерасыл (жетекшісі Аюпов Д.Х.); облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған лицей-интернатының «Alash» команда мүшелері Жақсылыхұлы Қазыбек, Төлеген Рахат (жетекшісі Солтаналинов К.И.); дарынды балаларға арналған №3 гимназиясының «Балапан» команда мүшелері Мұхарам Тұрар, Серік Ерғанат (жетекшісі Рахметов Н.З.); ІІІ дәрежелі дипломмен «Жас Дарын» мамандандырылған мектеп-лицейіның «Жас данышпан» команда мүшелері Болтабай Ерасыл,  Жақсылық Аңсат (жетекшісі Базарбай Т.Т.);  Аққулы ауданы Аққулы жалпы орта білім беру мектебінің «ТехноДуо» команда мүшелері Серікболұлы Мансур, Джуламанов Ерназар (жетекшісі Омаров Ж.М.); Екібастұз қаласы №4 жалпы орта білім беру мектебінің «Biomatic» команда мүшелері Срыбных Тимофей, Абромовский Руслан (жетекшісі Шалтеева Н.К.); Ақсу қаласының Ы. Алтынсарин атындағы қазақ орта мектебінің «Астробой» команда мүшелері Оспанов Аят, Нурпейсов Ильяс (жетекшісі Жагапаров Е.М.) марапатталды.

«Жеткізуші робот» санатында І орынға  дарынды балаларға арналған №3 гимназиясының «Вертикаль» команда мүшелері Абдиров Тимур, Косанов Асылхан (жетекшісі Сыздыков Р.Ж.); ІІ орынға Павлодар ауданы Рождественка жалпы орта білім беру мектебінің «Рождественка» команда мүшелері Тулегенулы Тамерлан (жетекшісі Логунов Г.В.);  ІІІ орынға Май ауданы Малайсары  жалпы орта білім беру мектебінің «Малайсары батыр» команда мүшелері Шукенов Арлан, Қазанғап Әлібек (жетекшісі Жумабекова Г.С.)  ие болды.

«Мерген — кіші санат» бойынша І орынды Баянауыл ауданы М.Ж.Көпеев атындағы жалпы орта білім беру мектебінің «J75» команда мүшелері Назымхан Ернар, Тлеуғабыл Иманғалы (жетекшісі Аюпов А.Х.);  ІІ орынды Павлодар қаласы Шамкенов атындағы жалпы орта білім беру мектебінің «Robokids-2» команда мүшелері Кононов Игнат, Туркин Егор (жетекшісі Джунусов А.С. );  ІІІ орынды  Май ауданы Малайсары  жалпы орта білім беру мектебінің «Малайсары батыр» команда мүшелері Ахметсапар Нұртас, Ныгметов Аңсар (жетекшісі Жумабекова Г.С.)  иеленді.

«Мерген — жоғары санат» санатында І орынды Баянауыл ауданы М.Ж.Көпеев атындағы жалпы орта білім беру мектебінің «J19» команда мүшелері Исабек Нұралы, Баян Қасиет (жетекшісі Аюпов А.Х.); ІІ орынды Павлодар қаласы Шамкенов атындағы жалпы орта білім беру мектебінің «Robokids» команда мүшелері Портяник Дарья, Древов Кирилл (жетекшісі Джунусов А.С.); ІІІ орынды  Аққулы ауданы Аққулы ауылының жалпы білім беру мектебінің «Робо7»  команда мүшелері Рахим Ансар, Құдайберген Айтуар (жетекшісі Аринова Д.А.) иеленді.

«Туды жеткізу» санатында І орынға Баянауыл ауданы З.Ақышев атындағы жалпы орта білім беру мектебі және Шапық Шөкин атындағы №2 жалпы орта білім беру мектебінің «Bayanaul-2» команда мүшелері Нұрлыбекұлы Аманжол, Хамзаева Томирис (жетекшісі Аюпов Д.Х.); ІІ орынға облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған лицей-интернатының «RoboWizards» команда мүшелері Темірболат Арман, Салимова Диана (жетекшісі Солтаналинов К.И.); ІІІ орынға Павлодар қаласы №25 жалпы орта білім беру орта мектебінің «Fastboot» команда мүшелері Сулейменов Маргулан, Орынғазы Дидар (жетекшісі Томаров Ж.Ж.) ие болды.

«Сұрыптаушы робот» санатында І орынды Павлодар қаласы №25 жалпы орта білім беру орта мектебінің «Sala kuat» команда мүшелері Дигай Салауат, Куатов Имангали (жетекшісі Томаров Ж.Ж.); ІІ орынды Баянауыл ауданы З.Ақышев атындағы жалпы орта білім беру мектебінің «Bayanaul» команда мүшелері Тургынбаев Ерасыл, Нұрлыбекұлы Ерасыл (жетекшісі Аюпов Д.Х.); ІІІ орынды дарынды балаларға арналған № 8 лицей-мектебінің «Фиксики» команда мүшелері Савоник Даниил, Богатырев Марсель (жетекшісі Медведева Т.Ф.); М.М. Катаев атындағы Оқушылар сарайының «OS_Qyrandary» команда мүшелері Ашкен Медеу, Әсетқызы Асыл (жетекшісі Солтаналинов К.И.)  иеленді.

Облыс кезеңінің жеңімпаздары «Robotek Grand Tournament» республикалық чемпионатына жолдама алды.

Фотосүреттер

«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру

оқу-әдістемелік орталығы

Similar Posts