Астана қаласында 2024 жылғы 21-25 қаңтар аралығында ауыл мектептерінің 9-11 сынып оқушыларына арналған қоғамдық гуманитарлық бағыты бойынша республикалық олимпиада өтті. Еліміздің түкпір-түкпірінен келген 1000-нан астам дарынды ауыл мектептерінің оқушылары қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі, Қазақстан тарихы, орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі, құқық негіздері, ағылшын тілі пәндері бойынша күрделі тапсырмаларды орындап, өз деңгейлері мен дағдыларын көрсете білді.
Аулдық жерлердегі мектеп оқушыларының дарындылығы мен кәсіби бағдарлануы мақсатында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрі Бейсембаев Ғани Бектайұлының тікелей тапсырмасы бойынша тұңғыш рет ауыл мектептерінің оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиада 2023 жылғы қарашада бастау алды.
Олимпиада бес базада өтті. Олар, Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Astana IT University, Әлихан Бөкейхан атындағы Віnom School, Radisson Astana Hotel және «Думан» қонақ үйі.
Олимпиада барысын ата-аналар комитетінің өкілдері, журналистер, ғалымдар және ЖОО оқытушылары қадағалады.
Павлодар облысын 22 оқушыдан тұратын команда таныстырды.
Олимпиаданың қорытындысы бойынша Шарбақты ауданы, А.Құнанбаев атындағы жалпы орта білім беру мектебінің 11 сынып оқушысы Шаймарданова Амина, Ертіс ауданы, Панфилов жалпы орта білім беру мектебінің 11 сынып оқушысы Большикова Гүлназ қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі пәнінен үздік нәтиже көрсетіп, І дәрежелі дипломымен марапатталды (мұғалімдері Есимханова А.М., Мажимова Г.К. ).
ІІ дәрежелі дипломымен Ақтоғай ауданы, Қараоба жалпы орта білім беру мектебінің 10 сынып оқушысы Жұмажан Назерке (қазақ тілі мен әдебиеті, мұғалімі Кетикова Ж.Т.).
ІІI дәрежелі дипломына Май ауданы, Малайсары жалпы орта білім беру мектебінің 10 сынып оқушысы Калымова Ақерке (қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі, мұғалімі Татенова Алма), Железин ауданы, №2 жалпы орта білім беру мектебінің 9 сынып оқушысы Сейплденова Амира (орыс тілі мен әдебиеті, мұғалімі Дерунова Е.Н.), Павлодар ауданы, Заря жалпы орта білім беру мектебінің 10 сынып оқушысы Жұмаш Алдияр (Қазақстан тарихы, мұғалімі Хавихан Амангүл), Май ауданы Жалтыр жалпы орта білім беру мектебінің 11 сынып оқушысы Темірбек Мансұр (Қазақстан тарихы, Бакауова Н.О), Баянауыл ауданы, М.Әуезов атындағы жалпы орта білім беру мектебінің 10 сынып оқушысы Жарғалбек Жансұлу (құқық негіздері, мұғалімі Каукенова А.К.), Успен ауданы, Абай атындағы жалпы орта білім беру мектебінің 10 сынып оқушысы Нұрболат Бақберді (құқық негіздері, Сатыбалдинов Е.А.) ие болды.
Олимпиада жеңімпаздары Шаймарданова Амина, Большикова Гульназ Астана Халықаралық университетінің білім грантының иегерлері атанды.

«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру
оқу-әдістемелік орталығы

 

Similar Posts