«Ертіс дарыны» ӨҚББОӘО 2023-2024 оқу жылының жұмыс жоспарына сәйкес жалпы білім беретін пәндер бойынша 7-8 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың екінші (аудандық/қалалық) кезеңін өткізетінін хабарлайды. Олимпиада жаратылыстану-математикалық (математика, информатика, география, физика, химия, биология) және қоғамдық-гуманитарлық (Қазақстан тарихы, қазақ тілі мен әдебиеті, қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі, орыс тілі мен әдебиеті, орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі, ағылшын тілі) бағыттар бойынша өтетін болады. 2024 жылғы 7 ақпанда – 7 сыныптарға сағат 10:00-де қоғамдық гуманитарлық бағыты, сағат 14:00-де жаратылыстану-математикалық бағыты; 8 ақпанда – 8 сыныптарға сағат 10:00-де қоғамдық-гуманитарлық бағыты, сағат 14:00-де жаратылыстану-математикалық бағыты бойынша өтеді. Жалпы білім беретін пәндер бойынша 7-8 сынып оқушыларына арналған республикалық жасөспірімдер олимпиадасының Ережесі «Ертіс дарыны» сайтында орналасқан.

Similar Posts