Гоа штатында (Үндістан) 2024 жылғы 25-28 қаңтар аралығында  «THE GOA INTERNATIONAL ROBOTICS FESTIVAL – 2024» атты робототехника бойынша халықаралық ашық чемпионаты өткізілді.

Қазақстандық оқушылар 2023 жылғы желтоқсанда Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі мен Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен USTEM қоры ұйымдастырған республикалық Almaty Tech Cup турнирінде Үндістанда өтетін чемпионатқа жолдама алды.

Аталған шарада ел намысын Астана, Алматы қалалары мен Павлодар, Түркістан және Атырау облыстарының оқушылары қорғады.

Павлодар облысын Екібастұз қаласы «Robopark_Ekibastuz» клубының «Billion_team» командасы таныстырды. Команда құрамында болғандар: №35 мектеп-гимназиясының 3-сынып оқушысы Ефимцев Мирон; №13 жалпы орта білім беру мектебінің 3-сынып оқушысы Корсун Радмир; Екібастұз гуманитарлық-техникалық колледжінің (бастауыш бөлімі) 2-сынып оқушысы Матасов Кирилл және №2 жалпы орта білім беру мектебінің 2-сынып оқушысы Хамит Санжар.

Команда өз жобасын * FLL Explore санатында ұсынды, онда Үндістан, Шри-Ланка және Қазақстаннан 30 жоба қатысты.

Үш күндік чемпионаттың қорытындысында біздің оқушылар * FLL Explore санатындағы 6-10 жас аралығындағы жұмысының ең жоғары бағасын алып, «Challenge Solution» кубогымен марапатталды.

 

«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша

білім беру оқу-әдістемелік орталығы

 

Similar Posts