«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы Ауыл мектептеріне арналған «Мың бала» Ұлттық зияткерлік олимпиадасын өткізетінін хабарлайды.
2024 жылғы 1 ақпан мен 10 наурыз аралығында https://1000bala.elumiti.kz сайтында мұғалімдерді, 10 ақпан мен 10 наурыз аралығында оқушыларды тіркеу жүргізіледі.
Олимпиадаға қатысу үшін Қазақстан Республикасы ауыл мектептерінің 6-сынып білім алушылары шақырылады.
Олимпиада екі кезеңде өткізіледі. Бірінші кезең 22 наурыз бен 5 сәуір аралығында https://1000bala.elumiti.kz сайтында прокторинг сервис қызметін қолдана отырып оnline режимінде өтеді.
Бірінші кезеңнің нәтижелері бойынша 5000 жеңімпаз екінші кезеңге жіберіледі. Екінші кезең қосымшаға сәйкес 24-26 сәуір аралығында «Ustudy» өңірлік тестілеу орталықтарының базасында offline режимінде өткізіледі.
Барлық сұрақтар бойынша Олимпиада үйлестірушісі Қайроллаев Абылайхан Айқынұлына 8 7172 24 87 92, 8 707 105 79 73 телефондары арқылы хабарласуға болады.

 

Similar Posts