«Ертіс дарыны» ӨҚББОӘО-ғы 2024 жылғы 6 наурыз күні 5-8 сынып оқушыларына арналған «ProEco» республикалық экологиялық жобалар конкурсының (бұдан әрі – Конкурс) облыстық кезеңі өткізілетінін хабарлайды.

Конкурстың негізгі мақсаты – оқушылардың экологиялық сауаттылығы мен мәдениетін қалыптастыру, зияткерлік — шығармашылық әлеуетін арттыру, оларды табиғатты қорғау қызметіне бейімдеу, әлеуметтік жауапкершілікке ынталандыру.

Шараға жеке және 2 қатысушыдан аспайтын команда құрамында 5-8 сынып оқушылары қатыса алады.

            Конкурс үш кезеңде өткізіледі: I кезең – аудандық (қалалық), II кезең – облыстық, III кезең – республикалық.

            Облыстық кезеңге қатысу үшін аудандық, қалалық білім бөлімдері мен мамандандырылған мектептер 8 үздік жұмысты таңдайды (әр бағыт бойынша 2 жоба).

Конкурс 4 бағыт бойынша өткізіледі:

1 бағыт — «Туған өлке табиғаты» – 2 жеке жобамен (1 жоба – 5-6 сынып, 1 жоба – 7-8 сынып);

2 бағыт — «Мені қоршаған әлем – ғажайып әлем» – 2 жеке жобамен (1 жоба – 5-6 сынып, 1 жоба – 7-8 сынып);

3 бағыт — «Үздік экологиялық бастама» – 2 қатысушыдан аспайтын 2 командалық жобамен (1 жоба – 5-6 сынып, 1 жоба – 7-8 сынып);

 4 бағыт — «Таза қала сізден басталады» – 2 жеке жобамен (1 жоба – 5-6 сынып, 1 жоба – 7-8 сынып).

Конкурс ережелері www.ertisdaryn.kz «Ертіс дарыны» сайтында орналастырылған.

 

 

 

Similar Posts