Щучинск қаласында  (Ақмола облысы) 2024 жылғы 22-24 ақпан аралығында  жаратылыстану-математикалық бағыт бойынша 2-7 сынып оқушыларының зерттеу жобаларының «Зерде»  республикалық конкурсының қорытынды кезеңі  өтті.

Конкурста биология, химия; физика, космос; информатика, робототехника, STEM инженерия; математика, қолданбалы математика; туризм және спорт секциялары бойынша зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстар бағаланды.

Қорытынды кезеңге Қазақстанның барлық өңірлерінен 275 жас ізденушілер білім додасында бақ сынасты, оның ішінде Павлодар облысынан 12 оқушы – облыстық кезеңнің жеңімпаздары.

Жаратылыстану-математикалық бағыттағы байқаудың қорытындысы бойынша біздің оқушылар 5 жүлделі орынға ие болды:  І орын – 2; ІІ орын – 2; ІІІ орын –1, Құрмет грамотасы – 7.

Айта кетейік, қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша «Зерде» республикалық ғылыми жобалар мен шығармашылық жұмыстар байқауы 30 қаңтар мен 1 ақпан аралығында өткізіліп, оқушыларымыз 11 жүлделі орынға ие болды.

Жалпы республикалық конкурстын қорытындысы бойынша Павлодар облысының қоржынында барлығы 16 медаль, оның ішінде 4 алтын, 7 күміс және 5 қола медаль бар.

Конкурс аясындағы мәдени бағдарлама Бурабай курортының тамаша жерлеріне экскурсиямен қатар, жас зерттеушілер үшін психологиялық тренингтер, рөлдік ойындар мен ойын-сауықтарды қамтыды. Бұл саяхат Абылай ханның шыбындығы, Окжетпес тауы және Жұмбақтас шағылы сияқты аймақтың танымал көрікті орындарын көрсетіп, балаларға Қазақстанның табиғи және мәдени байлығын танытуға мүмкіндік берді. Бұл іс-шаралар олардың шығармашылық және зерттеу қабілеттері мен өзара қарым-қатынас және командалық жұмыс дағдыларын нығайтуға мүмкіндік берді.

Барлық жеңімпаздарды жеңістерімен құттықтаймыз!

 

«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру

 оқу-әдістемелік орталығы

Similar Posts