«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының жұмыс жоспарына сәйкес 2024 жылғы 29 ақпанда 2-4 сынып оқушыларының ХІ облыстық математикалық турнирі өткізілді.

Шараның мақсаты: оқушыларды жоғары деңгейдегі зияткерлік сайыстарға тиімді дайындау.

Турнирге 103 оқушы қатысты, оның ішінде Павлодар, Екібастұз, Ақсу ққ. жалпы білім беру ұйымдарынан – 36; аудандардан – 57; дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептерден – 10.

Сайыс қорытындысында 40 оқушы жеңімпаз бен жүлдегер атанды: Абсолюттік жеңімпаз – 3, І орын – 6, ІІ орын – 12, ІІІ орын – 19.

Екінші сынып арасында айрықша нәтиже көрсеткені үшін «Абсолюттік жеңімпаз» атағымен Павлодар қ. Жетекші ЖОБББМ оқушысы Останин Роман марапатталды; ІІ дәрежелі дипломмен – Павлодар қ. №39 ЖОББМ оқушысы Сухоносенко Алиса; Екібастұз қ. №24 гимназия-мектебінің оқушысы Исламгулов Никита; Павлодар қ. №38 ЖНББМ оқушысы Салауатұлы Бекасыл; Екібастұз қ. №36 лицей-мектебінің оқушысы Жұмажан Камила; Шарбақты ауданы Хмельницкий ЖОББМ оқушысы Кабденова Айлана; Павлодар ауданы Кеңес ЖНББМ оқушысы Қуандық Ақнәр; Аққулы ауданы Б. Уахатов ат. ЖОББМ оқушысы Ерсін Диляра; ІІІ дәрежелі дипломмен – Павлодар қ. №26 ЖОББМ оқушысы Анисимова Екатерина; Павлодар ауданы Шақат ЖОББМ оқушысы Нұриден Дияр; Успен ауданы А. Байтұрсынұлы ат. ЖОББМ оқушысы Семенченко Иван; Ақсу қ. Абай ат. ЖОББМ оқушысы Ануарбек Алмаз.

Үшінші сынып арасында айрықша нәтиже көрсеткені үшін «Абсолюттік жеңімпаз» атағына Павлодар қ. А. Байтұрсынұлы ат. ЖОББМ оқушысы Ленинг Катриана; І дәрежелі дипломға – «Детвора» білім беру кешенінің оқушысы Мухамедияров Абулхаир; Павлодар қ. Ш. Шөкин ат. ЖОББГМ оқушысы Омаров Даулет; Ақсу қ. лицей-мектебінің оқушысы Аскар Алдияр; ІІ дәрежелі дипломға – Успен ауданы М. Жұмабаев ат. ЖОББМ оқушысы Бараисов Темирлан; ІІІ дәрежелі дипломға – Шарбақты ауданы гимназиялық сыныптары бар ЖОББМ оқушысы Кривцун Ярослав.

Төртінші сынып арасында айрықша нәтиже көрсеткені үшін «Абсолюттік жеңімпаз» атағын Павлодар қ. №29 ЖОББМ оқушысы Станкеев Егор; І дәрежелі дипломды – Екібастұз қ. №6 лицей-мектебінің оқушысы Дулат Ислам; дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінің оқушысы Мерзявко Андрей; Екібастұз қ. дарынды балаларға арналған №1 лицей-мектебінің оқушысы Зверева Ульяна; ІІ дәрежелі дипломды – Павлодар қ. №40 ЖОББМ оқушысы Белоусов Артем; дарынды балаларға арналған №3 гимназиясының оқушысы Рыбалко Арсений; Екібастұз қ. №36 лицей-мектебінің оқушысы Серік Темірлан; Аққулы ауданы Аққулы ЖОББМ оқушысы Сәмет Шұғайып; ІІІ дәрежелі дипломды – Екібастұз қ. №24 гимназия-мектебінің оқушысы Нуртазин Дамир; Ақсу қ. Достық ЖОББМ Николаев Расул; Железин ауданы №1 ЖОББМ Дудко Максим; Тереңкөл ауданы Калинов ЖОББМ Михайловская Венера; Ақсу қ. Еңбек ЖОББМ Нұрлан Аружан; Баянауыл ауданы Майқайың №2 ЖОББМ оқушысы Еркебеков Жантемир; Успен ауданы А. Байтұрсынұлы ат. ЖОББМ оқушысы Семенченко Таисия; дарынды балаларға арналған музыкалық мектеп-интернатының оқушысы Балуев Тимур; Павлодар қ. №35 ЖОББМ оқушысы Құрманбай Ернұр; Ақсу қ. Ы. Алтынсарин ат. ЖОББМ оқушысы Ұланұлы Мансур; Ақтоғай ауданы Абай ат. ЖОББМ оқушысы Нұрманбек Іңкәр; Успен ауданы Абай ат. ЖОББМ оқушысы Кайкенов Амирхан; дарынды балаларға арналған Абай ат. гимназиясының оқушысы Еркебұлан Амир; дарынды балаларға арналған №3 гимназиясының оқушысы Мұхарам Тұрар.

 

«Ертіс дарыны» ӨҚББОӘО

Similar Posts