Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми  жобалар конкурсы 2024 жылғы 26 ақпан – 1 наурыз аралығында Тараз қаласында Ж. Үшкемпіров атындағы «Тараз-Арена» спорт кешені базасында өтті. Конкурс халыкаралық тәжірибеге сай ашық Көрме үлгісінде барлық санитарлық, медициналық, өрт қаупсіздігі және қоғамдық тәртіп нормалары қатаң сақталып өткізілді. Конкурстың республикалық кезеңіне 19 секция бойынша-679 жобамен 867 оқушы қатысты (оның 188 топтық жобамен 376 оқушы), оның ішінде аулдық елді мекендерден 62 оқушы. Павлодар өңірінен облыстық кезеңінің 32 жеңімпаздары мен жүлдегерлері 25 жобамен қатысты.  Республикалық ғылыми жобалар конкурсының қорытындысы бойынша күміс медальдарымен және ІІ дәрежелі дипломдарымен  Екібастұз қаласының  № 1 лицей-мектебінің 11 сынып оқушылары  Зарапина Юлия (тіл білімі секциясы -орыс тілі) және Каськова Анна(тіл білімі секциясы–ағылшын тілі); Екібастұз қаласының №25 қазақ қыздар гимназиясының 10 сынып оқушысы Манатова Назгуль (тіл білімі секциясы –қазақ тілі) иеленді. Қола медальдарымен және ІІІ дәрежелі дипломдарымен Ы. Алтынсарин атындағы облыстық қазақ гимназия-интернатының 11 сынып оқушылары Бактыбаев Нурасыл және Кобей Нұрсәуле (қолданбалы математика секциясы); Ы. Алтынсарин атындағы облыстық қазақ гимназия-интернатының 9 сынып оқушылары Абылғазы Ернар және Серікпай Сұлейман (математика секциясы); Екібастұз қаласы № 1 лицей-мектебінің 10 сынып оқушы Ковалев Владимир (қолданбалы математика секциясы); Садартинова Айдана және Бауен Сабина, Павлодар қаласының Жұмабек Тәшенев атындағы жалпы орта білім беру мектебінің 11 сынып оқушылары (адам және қоғам секциясы) марапатталды. Республикалық ғылыми жобалар байқауының жеңімпаздары ректордың білім грантының иегерлері атанды: Екібастұз қаласының №1 мектеп-лицейінің 11-сынып оқушысы Зарапина Юлия – Астана халықаралық университетінің, Ы. Алтынсарин атындағы облыстық қазақ гимназия-интернатының 11-сынып оқушылары Бақтыбаев Нұрасыл және Көбей Нұрсәуле-Торайғыров Университетінің.

 

 «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру

оқу-әдістемелік орталығы

 

 

Similar Posts