Экологиялық проблемаларға қызығушылық танытатын, зерттеу қабылеті жоғары дарындыларды анықтау және қолдау мақсатында 2024 жылғы 6 наурызда Павлодар облысы білім беру басқармасының «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы 5-8 сынып оқушыларына арналған «ProEco» облыстық экологиялық жобалар конкурсы өткізді.
Конкурс төрт бағыт бойынша өтті:
— туған өлке табиғаты
— мені қоршаған әлем — ғажайып әлем;
— үздік экологиялық бастама;
— таза қала сізден басталады.
Конкурстың облыстық кезеңіне аудандық/қалалық кезеңінің 75 жеңімпазы қатысты. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер жас ерекшеліктеріне байланысты екі топ (5-6 сынып, 7-8 сынып) бойынша және 4 бағытта аңықталды.
Конкурс қорытындысы бойынша 30 оқушы Павлодар облысы білім беру басқармасының І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталды. Оның ішінде І дәрежелі дипломға – 6 оқушы, ІІ дәрежелі дипломға – 11 оқушы, ІІІ дәрежелі дипломға – 13 оқушы ие болды.
Облыстық кезеңінің жеңімпаздары Астана қаласында 2024 жылғы сәуірде өтетін «ProEco» республикалық экологиялық жобалар конкурсына жолдама алды.
Барша жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтаймыз, және алдағы білім додасында сәттілік тілейміз!

Хаттамалар

«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру
оқу-әдістемелік орталығы

Similar Posts