Алматы қаласында 2024 жылғы 5-6 наурыз күндері Ш. Смағулов атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының базасында дәстүрге айналған Ө.Жолдасбеков атындағы математика және механика бойынша XIV Халықаралық конкурсы өткізілді.

Конкурстың басты мақсаты-математика және механика саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарына қызығушылық танытатын дарынды оқушыларды анықтау.

Іс-шараға еліміздің әр өңірінен және алыс-жақын шет мемлекеттердің 100-ден астам талантты 11 сынып оқушылары қатысты. Олар «Математика», «Қолданбалы математика», «Механика»  және «Экономикадағы математикалық әдістер»  секциялары бойынша бақ сынады.

Республикалық зерттеу жобалар конкурсына облыстық кезеңінің              7 жеңімпазы мен жүлдегерінен құрастырылған Павлодар облысының командасы қасты.

Конкурс қорытындысы бойынша алтын медаль және І дәрежелі диплом иегері Жаналиденова Анель Екібастұз қаласы №18  жалпы орта білім беру мектебінің оқушысы (математика секциясы, мұғалімі Жаналиденов Н.Ж.).

Қола медальмен және ІІІ дәрежелі дипломымен  Алибаева Аружан Павлодар қаласы №7 жалпы орта білім беру мектебінің оқушысы (математика секциясы, Закарьянова А.Б.) марапатталды.

«Дарын» РҒПО-ның грамотасымен Қарапиден Алина дарынды балаларға арналған №3 гимназиясының оқушысы (экономикадағы математикалық әдістер секциясы, мұғалімі Шакенева Ш.К.), Шайфуллина Анель Қ.Сатпаев атындағы гимназиясының оқушысы (математика секциясы, мұғалімі Баймурат Жазира) ие болды.

                         «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша

білім беру оқу-әдістемелік орталығы

 

 

Similar Posts