Алматы қаласында 2024 жылдың 11-13 наурызында «Республикалық физика-математика мектебі» КеАҚ базасында математика пәнінен XXXVI Азия-Тынық мұхиты және XXIII «Жібек жолы» халыкаралық олимпиадалары өтті.

Олимпиаданың форматы: әр мемлекет дербес қашықтан қатысты.

         Олимпиадалар математикалық ғылымдар саласындағы дарынды оқушыларды анықтау және қолдау үшін жағдай жасау, қатысушы елдер арасындағы халықаралық білім беру және ғылыми байланыстарды дамыту мақсатында өткізілді.

         Азия-Тынық мұхиты халакаралық олимпиадасына 38 ел қатысты:  Аргентина, Австралия, Канада, Гонконг, Индонезия, Жапония, Қазақстан, Корея, Қырғызстан, Малайзия, Мексика, Жаңа Зеландия және т.б.

         Математикадан халықаралық  «Жібек жолы» олимпиадасына Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркменстан, Түркия, Әзірбайжан, Қытай және т. б.  елдер қатысты.

Қазақстаннан жыл сайын әр өңірден 120-дан астам оқушы бақ сынайды.

Павлодар облысының атынан дарынды балаларға арналған №8 мектеп-лицейі мен дарынды балаларға арналған №3 гимназияның 6 оқушыдан кұралған  командасы қатысты.

            Халықаралық математикалық олимпиадалардың қорытындысы бойынша павлодарлық мектеп оқушылары 8 жүлделі орынға ие болды.

Математикадан халықаралық «Жібек жолы» олимпиадасында дарынды балаларға арналған № 8 лицей-мектебінің 11 сынып оқушысы  Роговский Владимир   І дәрежелі дипломмен марапатталды (мұғалімі Стадникова Л.В.).

ІІ дәрежелі диплом иегері дарынды балаларға арналған №8 мектеп-лицейінің 11-сынып оқушысы Анастасия Одинцова (мұғалімі Стадникова Л.В.).

ІІІ дәрежелі дипломдарына  дарынды балаларға арналған №8 мектеп-лицейінің 9 -сынып оқушылары Катунина Юлия және Шубладзе Юрий иеленді (мұғалімі Стадникова Л.В.).

         Азия-Тынық мұхиты математикадан халықаралық олимпиадасының қорытындысы бойынша ІІ дәрежелі дипломына  дарынды балаларға арналған №8 мектеп-лицейінің 11 және 9 сынып оқушылары Роговский Владимир, Катунина Юлия, Шубладзе Юрий; ІІІ дәрежелі дипломына дарынды балаларға арналған №8 мектеп-лицейінің 11 сынып оқушысы Анастасия Одинцова ие болды .

 Жеңімпаз бен жүлдегерлерді, сондай-ақ олардың тәлімгері Л.В.Стадникованы құттықтаймыз және оларға алдағы уақытта сәттілік тілейміз!

 

                                                              «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру

                                                                         оқу-әдістемелік орталығы

 

Similar Posts