Астанада 2024 жылғы 18-21 наурыз аралығында 9-11(12) сынып оқушылары арасында математика және физика бойынша республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңі өтті. Олимпиадаға облыстық кезеңдердің 329 жеңімпазы мен жүлдегерлері қатысты, оның ішінде математика пәні бойынша 169 және физика пәні бойынша 160 қатысушы.
Павлодар облысының намысын 13 оқушы қорғады, оның ішінде 10 медаль: 1 алтын, 3 күміс және 6 қола медаль жеңіп алды.
Қиын әрі қызықты күрес барысында дарынды ер арналған «Білім-Инновация» лицей-интернатының 10 сынып оқушысы Қабдуллов Нұрали физика пәнінен алтын медаль жеңіп алды (мұғалімі Қайрат Ерназар).
Дарынды балаларға арналған № 8 лицей-мектебінің 9, 11 сынып оқушылары Рудик Иван (физика пәні, мұғалімі А. Н. Билида); Роговский Владимир, Одинцова Анастасия (математика, мұғалімі Л. В. Стадникова) күміс медаль иегерлері атанды.
Дарынды балаларға арналған № 8 лицей-мектебінің 9, 11 сынып оқушылары Сәбит Аңсар, Катунина Юлия, Шубладзе Юрий (математика, мұғалімі Л. В. Стадникова); Мирошников Глеб, Ораз Әнуар (физика, мұғалім А.Н. Билида); дарынды балаларға арналған № 3 гимназияның 10 сынып оқушысы Лифенко Максим (математика, мұғалімі Ш.К. Шакенева) қола медальдарға ие болды.
Дарынды балаларға арналған № 8 лицей-мектебінің 11 сынып оқушысы Ораз Әнуар Satbayev University білім беру грантына ие болды
Естеріңізге сала кетейік, жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиада биыл 7 өңірде жаңа форматта өтуде. 9-11(12) сынып оқушылары арасында география және информатика бойынша республикалық олимпиада Алматыда 2024 жылғы 24-28 наурызда өтеді. 9-11(12) сынып оқушылары арасында химия және биология бойынша Республикалық олимпиадаға қатысушыларды Павлодар қаласы ағымдағы жылғы 27-31 наурыз аралығында қабылдайды.